Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Leyl 1 / 21
1
Қараңғылығы басқан сәтте, түнге,
H.Altai 92:1
2
Жарқыраған сәтте күндізге,
H.Altai 92:2
3
Және еркек, ұрғашыны жаратқанға серт.
H.Altai 92:3
4
Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі.
H.Altai 92:4
5
Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе, тақуалық қылса,
H.Altai 92:5
6
Жақсылықты дұрыс деп білсе;
H.Altai 92:6
7
Сонда оның жолын оңайластырамыз.
H.Altai 92:7
8
Ал енді әлде кім сараңдық істесе, елемесе,
H.Altai 92:8
9
Жақсылықты жасынға шығарса;
H.Altai 92:9
10
Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз.
H.Altai 92:10
11
(Тозаққа) жығылған сәтте, оның малы оған пайда бермейді.
H.Altai 92:11
12
Негізінде тура жол көрсету бізге тән.
H.Altai 92:12
13
Сөз жоқ, ақырет те, дүние де Біздікі.
H.Altai 92:13
14
Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.
H.Altai 92:14
15
Оған жауыздар ғана кіреді.
H.Altai 92:15
16
Сондай өтірік деп жалтарғандар.
H.Altai 92:16
17
Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады.
H.Altai 92:17
18
Сондай малын сарып қылып тазарғандар.
H.Altai 92:18
19
Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ.
H.Altai 92:19
20
Бірақ ұлы Раббының ризалығын ғана іздейді.
H.Altai 92:20
21
Сондай-ақ ол, таяуда разы болады.
H.Altai 92:21
Leyl suresi tamamlandı