Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Beled 1 / 20
1
Жоқ, осы (Мекке) қаласына ант етемін;
H.Altai 90:1
2
сен осы қалада тұрасың.
H.Altai 90:2
3
Әкеге, балаға (Адам Ғ.С. мен балаларына) серт!
H.Altai 90:3
4
Расында адамзатты әбігер жараттық.
H.Altai 90:4
5
Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?
H.Altai 90:5
6
«Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді.
H.Altai 90:6
7
Оны біреу көрмеді деп ойлай ма?
H.Altai 90:7
8
Оған екі көз жаратпадық па?
H.Altai 90:8
9
Әрі бір тіл, екі ерін?
H.Altai 90:9
10
Оған екі жол көрсетпедік пе?
H.Altai 90:10
11
Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.
H.Altai 90:11
12
Кедергінің не екенін қайдан білесің?
H.Altai 90:12
13
Ол; құл азат ету,
H.Altai 90:13
14
Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;
H.Altai 90:14
15
Жақындағы болған бір жетімді,
H.Altai 90:15
16
Немесе шаң топырақтағы сорлыны.
H.Altai 90:16
17
Сосын иман келтіріп, бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу.
H.Altai 90:17
18
Міне осылар; оңшылдар.
H.Altai 90:18
19
Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар, олар; солшылдар.
H.Altai 90:19
20
Олар тозаққа қамалады.
H.Altai 90:20
Beled suresi tamamlandı