Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Tevbe 1 / 129
1
Бұл Алладан және Елшісінен, келісім жасасқан мүшріктерге бір құлақтандыру.
H.Altai 9:1
2
(Әй мүшріктер!) Жер жүзінде төрт ай кезіңдер. Расында Алла осалдата алмайтындықтарыңды және Алла (Т.), кәпірлерді қорлайтынын біліңдер.
H.Altai 9:2
3
Ал бұл ірі Хаж күні, Алладан, Елшісінен халыққа бір жарнама: Расында Алла және Елшісі мүшріктерден безеді. Егер тәубе қылсаңдар, сендер үшін жақсы болады. Ал егер жалтайсаңдар, Алланы еш осалдата алмайтындықтарыңды біліңдер. Қарсы болғандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле.
H.Altai 9:3
4
Бірақ келісім жасасқан мүшріктерден кейін сендерге түк кемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе; олардың келісімдерін мерзіміне дейін тамамдаңдар. Расында Алла тақуаларды жақсы көреді.
H.Altai 9:4
5
Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың бүкіл жолдарын аңдып отырыңдар. Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар. Расында Алла жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 9:5
6
егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен.
H.Altai 9:6
7
Ол мүшріктердің Алла қасында, Елшісінің қасында қалай келісімі бола алады? Бірақ Месжід Харамда, бітім жасасқандарыңдікі болады. Олар сендерге түзу сыңай байқатса, сендер де оларға түзу ыңғыл көрсетіңдер. Алла сақтанушыларды жақсы көреді.
H.Altai 9:7
8
Қалайша (олармен келісім болады?) Егер олар сендерге өктем келсе, сендер туралы жақындыққа да келісімге де қарамас еді. Олар, сендерді ауыздарымен разы қылмақшы да, жүректері ұнатпайды. өйткені олардың көбі бұзақы.
H.Altai 9:8
9
Олар Алланың аяттарын аз бағаға сатып, Оның жолынан тосты. Олардың істеген істері нендей жаман.
H.Altai 9:9
10
Олар мүмін жайында жақындықты да келісімді де сақтамайды. Міне солар, шектен шыққандар.
H.Altai 9:10
11
Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін бауырластарың. Білген елге аяттарымызды ашық-ашық баян етеміз.
H.Altai 9:11
12
Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діңдеріне тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар. өйткені олардікі ант емес. Олар бәлкім тыйылар.
H.Altai 9:12
13
(Әй мүміндер!) Анттарын бұзған, Пайғамбарды жұртынан шығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір елмен неге соғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген болсаңдар, қорқуларыңа Алла тағы лайығырақ.
H.Altai 9:13
14
Олармен соғысыңдар. Алла оларға сендердің қолдарыңмен азап етсін де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын.
H.Altai 9:14
15
Және (олардан жапа шеккендер,) жүректерінің ашуын тарқатсын. Алла кімді қаласа, тәубесін қабыл етеді. Алла толық білуші, аса дана.
H.Altai 9:15
16
Сендер іштеріңнен соғысқандарды сондай-ақ Алладан, Пайғамбардан және мүміндерден басқаны дос етпегендерді Алла, анықтамай бос қоя береді деп ойлайсыңдар ма? Алла істегендеріңді толық білуші.
H.Altai 9:16
17
Мүшріктердің, өздерінің қарсылықтарына куә бола тұра (кәпір халінде тұрып) Алланың мешіттерін жасауларына болмайды. Олардың амалдары жойылған. Олар тозақта мүлде қалады.
H.Altai 9:17
18
Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі.
H.Altai 9:18
19
(Әй мүшріктер!) Сендер, қажыларға су беру, Харам Мешітін жөндеуді; Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, және Алла жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме? Бұлар, Алланың қасында тең болмайды. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.
H.Altai 9:19
20
Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысқандар, Алланың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер.
H.Altai 9:20
21
Оларды Раббылары өзінің мәрхаметімен және ризалығымен сондай-ақ тұрақты нығметке ие жаннаттарымен қуантады.
H.Altai 9:21
22
Олар онда мәңгі қалушылар. Расында Алланың қасында ірі сыйлық бар.
H.Altai 9:22
23
Әй мүміндер! Егер әкелерің, туыстарың иманнан көрі қарсылықты жақсы көрсе, оларды дос тұтпаңдар. Ал сендерден кім оларды дос тұтса, онда олар залымдар.
H.Altai 9:23
24
«Егер әкелерің, балаларың, туыстарың, әйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарын, тоқтап қалуынан қорыққан саудаларын, жақсы көрген үйлерің сендерге Алладан, Пайғамбарынан әрі Оның жолында соғысуынан артық көрінсе, Алланың әмірі келгенге дейін күтіңдер» де. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды.
H.Altai 9:24
25
Расында Алла, сендерге көп жерлерде нұсрат берді. Сондай-ақ Хұнайын күні де сендерге нұсрат берді. Сол уақытта көптіктеріңе мәз болған едіңдер. Сонда ол, сендерге түк пайда бермеді. Сондай-ақ кең бола тұра жер, сендерге тар келді. Сонан соң бет бұрып қайта қаштыңдар.
H.Altai 9:25
26
Сонан кейін Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды. Сондай-ақ сендерге көрмеген әскер жіберіп, кәпірлерге соққы берді. Міне кәпірлердің жазасы осы.
H.Altai 9:26
27
Сонымен бірге Алла, бұл соғыстан кейін қалаған кісісіне тәубе нәсіп етер. Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 9:27
28
Әй иман келтіргендер! Дау жоқ, мүшріктер арам. Сондықтан биылдан кейін Месжід Харамға жоламасын. Кедейліктен қорықсаңдар, егер Алла қаласа, сендерді өз кеңшілігімен байытады… Расында Алла толық білуші, хикмет иесі.
H.Altai 9:28
29
Кітап берілгендерден, Аллаға, ақырет күніне иман келтірмегендер және Алланың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп білмегендер және де хақ дінді (Исламды) дін деп мойындамағандарменен сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар.
H.Altai 9:29
30
(Өйткені) Яһудилер: «Ғұзайыр Алланың ұлы» деді. Және Христиандар да: «Иса Алланың ұлы» деді. Бұл, бұрыңғы кәпірлердің сөзіне ұқсатып, ауыздарымен айтқандары. Құдай атқырлар, қайтып алданып отыр.
H.Altai 9:30