Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Fecr 1 / 30
1
Ағарған таңға,
H.Altai 89:1
2
Құрбан айының алғашқы он кешіне,
H.Altai 89:2
3
Әр жұп пен таққа,
H.Altai 89:3
4
Өткен түнге серт.
H.Altai 89:4
5
Бұлар, ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма?
H.Altai 89:5
6
Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдің бе?
H.Altai 89:6
7
Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағыны;
H.Altai 89:7
8
Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді.
H.Altai 89:8
9
Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліне (не істегенін)
H.Altai 89:9
10
Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін)
H.Altai 89:10
11
Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді.
H.Altai 89:11
12
Сонда олар, ол жерде бұзақылықты көбейткен еді.
H.Altai 89:12
13
Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды.
H.Altai 89:13
14
Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы.
H.Altai 89:14
15
Ал енді адамзат, қашан Раббы оны сынай сыйлап, игілікке бөлесе: «Раббым мені сыйлады» дейді.
H.Altai 89:15
16
Қашан оны сынап, несібесін тарайтса: «Раббым мені қорлады» дейді.
H.Altai 89:16
17
Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер.
H.Altai 89:17
18
Бір-біріңді, міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар.
H.Altai 89:18
19
Мирасты тұтас жеп аласыңдар.
H.Altai 89:19
20
Сондай-ақ малды өте-мөте жақсы көресіңдер.
H.Altai 89:20
21
Тіпті олай емес. Жер соғылысып, быт-шыт болған сәтте,
H.Altai 89:21
22
Раббың елестеп, періштелер сап сап болған кезде,
H.Altai 89:22
23
Сол күні, тозақ келтіріледі де әрі сол күні, адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда?
H.Altai 89:23
24
“Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді” дейді.
H.Altai 89:24
25
Сонда, сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды.
H.Altai 89:25
26
Сондай-ақ ешкім Оның матауын матай алмайды.
H.Altai 89:26
27
Әй орныққан нәпсі!
H.Altai 89:27
28
Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт!
H.Altai 89:28
29
Енді құлдарымның арасына кір!
H.Altai 89:29
30
Сондай-ақ жаннатыма кір!
H.Altai 89:30
Fecr suresi tamamlandı