Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Gaşiye 1 / 26
1
қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме?
H.Altai 88:1
2
Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады.
H.Altai 88:2
3
Қатты қиналған шаршаған болады.
H.Altai 88:3
4
Жанып тұрған отқа тасталады.
H.Altai 88:4
5
Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі.
H.Altai 88:5
6
Олардың ащы, сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды.
H.Altai 88:6
7
Ол семіртпейді де, аштықты баспайды.
H.Altai 88:7
8
Ол күні, кейбір жүздер шаттықта,
H.Altai 88:8
9
Амалдарына разы,
H.Altai 88:9
10
Көтеріңкі бақшада;
H.Altai 88:10
11
Ол арада бір бос сөз естімейді.
H.Altai 88:11
12
Онда аққан бір бұлақ бар.
H.Altai 88:12
13
Онда биік дивандар бар.
H.Altai 88:13
14
Қойылған кеселер бар.
H.Altai 88:14
15
Тізілген жатықтар бар.
H.Altai 88:15
16
Төселген төсеніштер бар.
H.Altai 88:16
17
Олар, түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған?
H.Altai 88:17
18
Олар, аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген?
H.Altai 88:18
19
Олар, тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген?
H.Altai 88:19
20
Олар, жерге қарамай ма, қайтып төселген?
H.Altai 88:20
21
ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың.
H.Altai 88:21
22
Сен оларды зорлаушы емессің.
H.Altai 88:22
23
Бірақ әлде кім бет бұрса, қарсы келсе;
H.Altai 88:23
24
Сонда Алла, оны зор азаппен қинайды.
H.Altai 88:24
25
Расында олардың қайтар жері Біз жақ.
H.Altai 88:25
26
Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән.
H.Altai 88:26
Gaşiye suresi tamamlandı