Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Büruc 1 / 22
1
Жұлдызды аспанға ант,
H.Altai 85:1
2
Уәделі күнге,
H.Altai 85:2
3
Куәлік берушіге, куәлік берілгенге серт.
H.Altai 85:3
4
Жер ошақшылардың жаны шықсын!
H.Altai 85:4
5
Отынмен жанған от.
H.Altai 85:5
6
Ол уақытта олар оның маңында отырған;
H.Altai 85:6
7
Олар, мүміндерге істегендерін көрген.
H.Altai 85:7
8
Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем, мақтаулы Аллаға сенулері ғана еді.
H.Altai 85:8
9
Ол сондай Алла, аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла, әр нәрсені көруші.
H.Altai 85:9
10
Негізінде мүмін ерлер, мүмін әйелдерге жапа беріп, сосын тәубе қылмағандар, оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар.
H.Altai 85:10
11
Негізінен иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларға астарынан өзендер ағатын пейіштер бар. Осы, зор мұратқа жетушілік.
H.Altai 85:11
12
Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты.
H.Altai 85:12
13
Өйткені Ол, бастапта жаратып, әрі қайта тірілтеді.
H.Altai 85:13
14
Ол, тым жарылқаушы, өте сүюші.
H.Altai 85:14
15
Ғаршының иесі, аса ұлы.
H.Altai 85:15
16
Ол, қалағанын бұлжытпай істеуші.
H.Altai 85:16
17
саған ләшкерлердің хабары келді ме?
H.Altai 85:17
18
Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің ?
H.Altai 85:18
19
Дегенмен қарсы болғандар, өтіріксінуде.
H.Altai 85:19
20
Алла, оларды сырттай орап алған.
H.Altai 85:20
21
Әрине ол, ұлы бір Құран.
H.Altai 85:21
22
Лаухы Махфұзда сақтаулы.
H.Altai 85:22
Büruc suresi tamamlandı