Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
İnşikak 1 / 25
1
Аспан жарылған сәтте,
H.Altai 84:1
2
Лайықты болып, Раббына бой ұсынған кезде,
H.Altai 84:2
3
Жер созылған сәтте,
H.Altai 84:3
4
Ол, ішіндегіні шығарып босатқан сәтте,
H.Altai 84:4
5
Раббына бой ұсынып, лайықты болған кезде;
H.Altai 84:5
6
Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың.
H.Altai 84:6
7
Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе;
H.Altai 84:7
8
Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі.
H.Altai 84:8
9
Ол, үй ішіне-қуанып қайтады.
H.Altai 84:9
10
Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе;
H.Altai 84:10
11
Сонда ол, дереу өлім шақырады.
H.Altai 84:11
12
Қайнаған тозаққа түседі.
H.Altai 84:12
13
Өйткені ол, өз үйінде мәз-мейрам еді.
H.Altai 84:13
14
Негізінде ол, әсте (Аллаға) қайтпаймын деп ойлады.
H.Altai 84:14
15
Олай емес. Расында Раббы оны көздеуде еді.
H.Altai 84:15
16
Жоқ, шапақ уақытына,
H.Altai 84:16
17
Түнге әрі ішіндегі нәрсеге,
H.Altai 84:17
18
Толған айға серт.
H.Altai 84:18
19
Әлбетте сендер, бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер.
H.Altai 84:19
20
Сонда оларға иман келтірмейтін не болды?
H.Altai 84:20
21
Оларға Құран оқылған кезде, сәжде қылмайды.
H.Altai 84:21
22
Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді.
H.Altai 84:22
23
Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі.
H.Altai 84:23
24
оларды күйзелтетін азаппен сүйіншіле.
H.Altai 84:24
25
Бірақ иман келтіріп, түзу амал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар.
H.Altai 84:25
İnşikak suresi tamamlandı