1
Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш!
2
Олар қашан өлшеп алса, толық өлшеп алады да;
3
Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді.
4
Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма?
6
Ол күні адамдар, бүкіл әлемнің Раббының алдында тұрады.
7
Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады.
8
Төменгі орынның не екенін қайдан білесің?
10
Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!
11
Олар, сондай қиямет күнін өтіріксінгендер.
12
Оны, шектен шыққан, күнәкар өтіріксінеді.
13
Қашан оған аяттарымыз оқылса: “Бұрынғылардың ертегісі” деді.
14
Жоқ, бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты.
15
Жоқ, олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарынан мақрұм қалады.
16
Сосын олар, әлбетте тозаққа кіреді.
17
Сосын: “Міне сендердің өтірік дегендерің осы!”, -деліндеді.
18
Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады.
19
Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің?
21
Оны, Аллаға жақын періштелер бақылайды.
22
Негізінен ізгілер, әрине нығмет ішінде болады.
23
Олар дивандардың үстінде (Алланың нығметтеріне) қарайды.
24
Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан танисың.
25
Олар, мөрленген ішімдіктен сусындатылады.
26
Оның сарқыны жұпар аңқиды. Жарысушылар, осыған жарыссын.
27
Оның қоры, “Тәсним” бастауынан.
28
Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді.
29
Расында күнәкарлар, иман келтіргендерге күлетін еді.
30
Олар жандарынан өткенде, ымдасатын еді.
Sonraki 6 ayet →