Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Tekvir 1 / 29
1
Күн бүктелген сәтте,
H.Altai 81:1
2
Жұлдыздар солып шашылған сәтте,
H.Altai 81:2
3
Таулар жүргізілген сәтте,
H.Altai 81:3
4
Қаймал іңгендер, иен жіберілген сәтте,
H.Altai 81:4
5
Жан-жануарлар жиналған сәтте,
H.Altai 81:5
6
Теңіздер қайнатылған сәтте,
H.Altai 81:6
7
Жан тәнмен бірлестірілген сәтте,
H.Altai 81:7
8
Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте;
H.Altai 81:8
9
Қай күнәмен өлтірілді?
H.Altai 81:9
10
Дәптерлер ашылған сәтте,
H.Altai 81:10
11
Аспан ашылған сәтте,
H.Altai 81:11
12
Тозақ қыздырылған сәтте,
H.Altai 81:12
13
Жұмақ жақындатылған сәтте;
H.Altai 81:13
14
Әркім не әзірлегенін біледі.
H.Altai 81:14
15
Жоқ, солғындаған жұлдыздарға серт,
H.Altai 81:15
16
Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант.
H.Altai 81:16
17
Қараңғылана бастаған түнге серт,
H.Altai 81:17
18
Ағара бастаған таңға серт;
H.Altai 81:18
19
Негізінен Құран әрине бір ардақты Елшінің (Жебрейіл Ғ.С.) сөзі.
H.Altai 81:19
20
Ол күшті Елші, ғаршының иесінің қасында беделді,
H.Altai 81:20
21
Ықпалды, онда сенімді.
H.Altai 81:21
22
Жолдастарың жынды емес.
H.Altai 81:22
23
Расында ол, оны ашық көк жиекте көрді.
H.Altai 81:23
24
Ол ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді.
H.Altai 81:24
25
Құран, қуылған шайтанның сөзі емес.
H.Altai 81:25
26
Ендеше, қайда кетіп бара жатырсыңдар?
H.Altai 81:26
27
Ол (Құран Кәрім), бүкіл әлемге насихаттан басқа еш нәрсе емес.
H.Altai 81:27
28
Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін;
H.Altai 81:28
29
Әлемдердің Раббы Алла, қаламайынша тілеулерің жүрмейді.
H.Altai 81:29
Tekvir suresi tamamlandı