1
олар, сенен ғанимат малы (соғыс олжасы) жайынан сұрайды: «Ғаниматтар; Аллаға және Пайғамбарына тән. Ендеше, егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқып, араларыңды жарастырыңдар. Және Аллаға, Пайғамбарына бой ұсыныңдар » де.
2
Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады.
3
Сондай-ақ олар, намазды толық орындап, оларға берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.
4
Міне солар, шынайы мүміндер. Олар үшін Раббыларының қасында да дәрежелер және жарылқау әрі көркем несібе бар.
5
Раббың сені, үйіннен хақ жолына шығарғанда мүміндердің бір бөлімі жақтырмаған еді.
6
Шындық анықталғаннан кейін де олар көре тұра өлімге айдалғандай сенімен тартысты.
7
Сол уақытта Алла, сендерге екі топтың бірінің сендердікі болатынын уәде етуде еді. Сендер, құралсыз керуеннің сендердікі болуын қалайсыңдар. Алла өз әмірлерімен шындықты шынға шығаруды, сондай-ақ қарсы болғандардың артын үзуді қалайды.
8
Қылмыстылар жек көрсе де ақиқат шынға шықсын да бұзықтық жойылсын.
9
Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол: «Шынында сендерге ерген мың періштемен көмек етемін» деп тілектеріңді қабыл етті.
10
Мұны қуанту әрі жүректеріңді орнықтыру үшін ғана істеді. Жәрдем, Алланың ғана қасында. (Еркінде.) Күдіксіз Алла өте үстем, хикмет иесі.
11
Сол уақытта сендерді Алла тарапынан бір тыныштық ұйқысы басуда еді. Және сендерді тазарту, өздеріңнен шайтанның ластығын кетіру, жүректеріңді орнықтырып табандарыңды бекіту үшін үстеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді
12
сол уақытта Раббың періштелерге: «Расында Мен сендермен біргемін. Мүміндерге тоқтау беріңдер» деп нұсқау беруде еді. «Кәпірлердің жүректеріне қорқу саламын. Сонда мойындарының үстіне әрі қол-аяқтарына (қылышпен шабыңдар»
13
Осы, олардың Аллаға, Елішісіне қарсы келулеріне себепті. Және кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, шынында Алла, қатты азап иесі.
14
Міне, осыны татыңдар, сондай-ақ кәпірлер үшін от азабы бар.
15
Әй мүміндер! Егер соғыста топты жаумен кездессеңдер, сонда кейін шегінбеңдер.
16
Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде шекінсе, әрине Алланың қаһарына ұшырайды. Орны тозақ, нендей жаман орын!
17
Сонда оларды сендер өлтірмедіңдер, бірақ оларды Алла өлтірді. Атқан кезде сен атпадың, бірақ Алла атты. Бұл мүміндерді жақсы бір сынақпен сынау үшін. Расында Алла, толық естуші, білуші.
18
Жағдай осы. Расында Алла, кәпірлердің әдісін жояды.
19
(Әй мүшріктер!) Жеңіс тілеп едіңдер, расында үстемдік зияндарыңа келді. Енді егер тыйылсаңдар, сонда сендер үшін жақсы. Ал қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болсада, сендерге әсте пайда бермейді. Өйткені Алла, мүміндермен бірге.
20
Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар. Және Құранды ести тұра Пайғамбардан бет бұрмаңдар.
21
Сондай-ақ тыңдамаса да: «Тыңдадық» дегендер тәрізді болмаңдар.
22
Расында Алланың қасында жәндіктердің ең жаманы, сондай шындықты түсінбейтін саңырау, сақаулар.
23
Егер Алла, оларда бір қайыр барлығын байқаса еді әрине оларға естіртер еді. Сонда Алла, оларға естіртсе де, олар бет бұрар еді. Олар негізінен жалтақойлар.
24
Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге (дінге) шақырған кезде, Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және де Алланың, кісімен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шексіз Алла тарапына жиналасыңдар.
25
Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан сақтаныңдар. Сондай-ақ Алланың қатты азап иесі екенін біліңдер.
26
Сол бір замаңды ойлаңдар. Сендер аз едіңдер де жер жүзінде езілген едіңдер. Сонда сендер адамдардың бас салып кетуінен қорқар едіңдер. Және Алла сендерді (Мединеге) орналастырып, өз көмегімен қуаттады. Сондай-ақ сендерді жақсы нәрселермен көректендіреді, әрине шүкір етерсіңдер деп.
27
Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар; тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат қылмаңдар.
28
Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар.
29
Әй мүміндер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды. Алла зор кеңшілік иесі. (Мекке кәпірлері Пайғамбар Ғ.С. ды қамау, өлтіру немесе Меккеден шығарып жіберу үшін қаулы алады.)
30
ойла! Бір заманда олар сені қамауға не сені өлтіруге немесе шығаруға шара қолдануда еді. Олар шара қолданғанда, Алла шараларын бұзар еді. Алла шара көрушілердің ең жақсысы.
Sonraki 30 ayet →