5
Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт.
6
Ол күні қатты сілкініс болады.
7
Оның артынан тағы бір сілкінеді.
8
Ол күні жүректер тітірейді.
10
(Олар): “Шын, қайта тірілеміз бе?”,- дейді.
11
“Қоқым, сүйек болған сәтте де?”
12
(Олар): “Ендеше ол қайғылы бір қайту екен” дейді.
13
Негізінен ол, бір айғай ғана.
14
Дереу сол уақытта олар майданда.
15
Саған Мұсаның хабары келді ме?
16
Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі “Тұуа” ойпатында дабыстады:
17
“Перғауынға бар. Өйткені ол, азды.”
18
Сонда оған: “Тазарғың келе ме?”,- де.
19
“Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың”
20
Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті.
21
Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты.
22
Кейін теріс айналып, жүгірді.
23
Адамдарды жинап, айғай салып:
24
“Мен сендердің ең ұлы раббыларың” деді.
25
Сондықтан Алла, оны ақырет, дүние азабымен қолға алды.
26
Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.
27
Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады.
28
Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді.
29
Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды.
Sonraki 16 ayet →