1
Олар не нәрседен сұрасады?
3
Олар, ол жөнде таласуда.
4
Әсте олай емес, олар тез біледі.
5
Тағы олай емес, олар тез біледі.
6
Жерді бір төсеніш қылмадық па?
8
Сендерді жұп-жұп жараттық.
9
Ұйқыларыңды дем алыс қылдық.
11
Күндізді тіршілікке жараттық.
12
Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық.
13
Жарқыраған шырақ (күн) жараттық.
14
Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық.
15
Онымен дәнді дақылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;
17
Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім.
18
Сұр үрілген күні, топ-топ келесіңдер.
19
Көктер сетінеп есіктер пайда болады.
20
Таулар жүргізіліп, сағым болады.
21
Әлбетте тозақ күтіп тұрады;
22
Азғындардың барар жері.
23
Олар онда ғасырларша тұрады.
24
Олар онда салқындамайды да сусын татпайды.
25
Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді.
26
Қылмыстарына сай бір жаза.
27
Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді.
28
Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді.
29
Әр нәрсені жазып, сақтадық.
30
“Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз” (делінеді.)
Sonraki 10 ayet →