1
Жалғасты жіберілгендерге,
2
Қатты есіп, ұшырушыларға,
3
Тарқатқан сайын тарқатушыларға,
4
Айырған сайын айырушыларға,
5
Сосын зікір тастаушыларға,
6
Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт.
7
Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады.
8
Жұлдыздар сөнген сәтте,
10
Таулар үгітіліп, ұшырылғанда,
11
Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде;
12
Қайсы күнге кешіктіріліп еді?
14
Ол шешім күнін қайдан білесің?
15
Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!
16
Бұрынғыларды жоқ етпедік пе?
17
Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз.
18
Күнәкарларга осылай істейміз.
19
Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!
20
Сендерді болымсыз судан жаратпадық па?
21
Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе?
22
Белгілі бір мерзімге дейін.
23
Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз.
24
Жасынға шығарушыларға сол күні нендей өкініш!
25
Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па?
26
Тірілерге де өлілерге де.
27
Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық.
28
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
29
(Ол күні оларға): “Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер;”
30
“Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер” (делінеді.)
Sonraki 20 ayet →