Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
İnsan 1 / 31
1
Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме?
H.Altai 76:1
2
Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық.
H.Altai 76:2
3
Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін.
H.Altai 76:3
4
Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаған тозақ әзірледік.
H.Altai 76:4
5
Әрине жақсылар, жаннатта “Кәфұр” қосылған кеседен ішеді.
H.Altai 76:5
6
Ол, Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау.
H.Altai 76:6
7
Ол Алланың құлдары “нәзірін” орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады.
H.Altai 76:7
8
Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді.
H.Altai 76:8
9
Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз.”
H.Altai 76:9
10
“Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз.” (дейді)
H.Altai 76:10
11
Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді.
H.Altai 76:11
12
Оларды сабыр еткендіктері үшін жұмақ және жібекпен сыйлайды.
H.Altai 76:12
13
Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді.
H.Altai 76:13
14
Оларға пейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады.
H.Altai 76:14
15
Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан құмыралар ұсынылады.
H.Altai 76:15
16
Күмістен шынылары өлшеумен толтырылған болады.
H.Altai 76:16
17
Пейіште оларға “Зәнжәбил” араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі.
H.Altai 76:17
18
Ол пейіште “Сәлсәбил” деп аталатын бір бастау бар.
H.Altai 76:18
19
Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың.
H.Altai 76:19
20
Сол жерге қараған сәтте; нығмет, зор салтанат көресің.
H.Altai 76:20
21
Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді.
H.Altai 76:21
22
“Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды.”
H.Altai 76:22
23
расында Біз саған Құранды аз-аздап түсірдік.
H.Altai 76:23
24
Ендеше, Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардан күнәкарлар немесе қарсыларға бағынба.
H.Altai 76:24
25
Ертелі-кеш Раббыңның атын зікір ет.
H.Altai 76:25
26
Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойы дәріпте.
H.Altai 76:26
27
Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күнді арттарына тастайды.
H.Altai 76:27
28
Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. (Өмір бердік.) Егер қаласақ оларды ұқсастарына ауыстырамыз.
H.Altai 76:28
29
Шын мәнінде бұл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына бір жол ұстар.
H.Altai 76:29
30
Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі.
H.Altai 76:30