Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Müzzemmil 1 / 20
1
Әй бүркеніп жатушы!
H.Altai 73:1
2
Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта;
H.Altai 73:2
3
Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт.
H.Altai 73:3
4
Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы.
H.Altai 73:4
5
Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз.
H.Altai 73:5
6
Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы…
H.Altai 73:6
7
Расында күндіз сенің ұзын жұмысың бар.
H.Altai 73:7
8
Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оған нағыз жөнел.
H.Altai 73:8
9
Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт.
H.Altai 73:9
10
Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл.
H.Altai 73:10
11
Жасынға шығарушы ырыс иелерін Маған таста. Оларға біраз мұрсат бер.
H.Altai 73:11
12
Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар.
H.Altai 73:12
13
Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар.
H.Altai 73:13
14
Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады.
H.Altai 73:14
15
Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік.
H.Altai 73:15
16
Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық.
H.Altai 73:16
17
Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар.
H.Altai 73:17
18
Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады.
H.Altai 73:18
19
Расында бұл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын ұстайды.
H.Altai 73:19
20
сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түн мен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала қайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 73:20
Müzzemmil suresi tamamlandı