Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Cin 1 / 28
1
Оларға: “Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді” де. Сонда жындар: “Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық” деді.
H.Altai 72:1
2
“Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз.”
H.Altai 72:2
3
“Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жоғары, Ол, қатын, бала иемденбейді.”
H.Altai 72:3
4
“Өйткені біздің ақымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен.”
H.Altai 72:4
5
“Расында адамдар мен жынды, Аллаға байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаған едік.”
H.Altai 72:5
6
“Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді.
H.Altai 72:6
7
“Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлағандарың тәрізді ойлаған еді.”
H.Altai 72:7
8
“Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық.”
H.Altai 72:8
9
“Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді.”
H.Altai 72:9
10
“Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?”
H.Altai 72:10
11
“Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік.”
H.Altai 72:11
12
“Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық.”
H.Altai 72:12
13
“Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды.”
H.Altai 72:13
14
“Бізден Мұсылмандар да, туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді.”
H.Altai 72:14
15
“Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады.”
H.Altai 72:15
16
(Егер жындар мен адамдар,) ол жолда тұп-тура жүрсе, әрине оларға мол су нәсіп етеміз;
H.Altai 72:16
17
Оларды онда сынау үшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса, Раббы оны барған сайын арта түсетін азапқа ұшыратады.
H.Altai 72:17
18
Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар.
H.Altai 72:18
19
Расында Алланың құлы тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады…
H.Altai 72:19
20
“Шын мәнінде мен Раббыма құлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын” де.
H.Altai 72:20
21
“Расында мен сендерге зиян келтіре алмаймын да игілік те істей алмаймын” де.
H.Altai 72:21
22
“Расында ешкім мені, Алланың азабынан сақтай алмайды да мен де Одан өзге пана таба алмаймын.”
H.Altai 72:22
23
“Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар.”
H.Altai 72:23
24
Ақыр өздеріне уәде етілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі нашар, саны аз екенін олар біледі.
H.Altai 72:24
25
оларға: “Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін” де.
H.Altai 72:25
26
Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды.
H.Altai 72:26
27
Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды;
H.Altai 72:27
28
Олардың, Раббыларының міндеттемелерін анық жалғастырғандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған.
H.Altai 72:28
Cin suresi tamamlandı