Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Nuh 1 / 28
1
Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: “Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт” деп, жібердік.
H.Altai 71:1
2
(Нұх Ғ.С.): “Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” деді.
H.Altai 71:2
3
“Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар;”
H.Altai 71:3
4
“Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді.”
H.Altai 71:4
5
(Нұх Ғ.С.): “Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым.”
H.Altai 71:5
6
“Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды.”
H.Altai 71:6
7
“Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды.”
H.Altai 71:7
8
“Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым.”
H.Altai 71:8
9
“Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым.”
H.Altai 71:9
10
(Сондай-ақ оларға): “Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы.” дедім.
H.Altai 71:10
11
“Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді.”
H.Altai 71:11
12
“Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.”
H.Altai 71:12
13
“Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?”
H.Altai 71:13
14
“Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты.”
H.Altai 71:14
15
“Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?”
H.Altai 71:15
16
“Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды.”
H.Altai 71:16
17
“Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді.”
H.Altai 71:17
18
“Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады.”
H.Altai 71:18
19
“Алла сендерге жерді төсеніш қылды.”
H.Altai 71:19
20
“Оның кең жолдарында жүрулерің үшін.”
H.Altai 71:20
21
Нүх (Ғ.С.): “Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті.”
H.Altai 71:21
22
“Олар зор айлакерліктер істеді.”
H.Altai 71:22
23
Және олар: “Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар” деседі.
H.Altai 71:23
24
“Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр.”
H.Altai 71:24
25
Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады.
H.Altai 71:25
26
Нұх (Ғ.С.): “Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма” деді.
H.Altai 71:26
27
“Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады;
H.Altai 71:27
28
“Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр” деді.
H.Altai 71:28
Nuh suresi tamamlandı