1
Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады.
2
Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ.
3
Ол азап биік дәреже иесі Алладан.
4
Ол жоғарғы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады.
5
Енді көркем сабырмен сабыр ет.
6
Олар қияметті ұзақ көреді.
8
Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады.
9
Таулар, түтілген жүндей болады.
10
Дос, достың халін сұрамайды.
11
Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді;
13
Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де.
14
Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді.
15
Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от,
17
Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады.
18
Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады.
19
Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған.
20
Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз.
21
Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң.
22
Бірақ намаз оқушылар басқа.
23
Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды.
24
Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар:
25
Сұрағанға да сұрамағанға да.
26
Тағы сондай қиямет күнін растағандар.
27
Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар.
28
Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес.
29
Сондай ұятты жерлерін сақтағандар.
30
Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ.
Sonraki 14 ayet →