Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Araf 1 / 206
1
Әлиф Ләм Мим Сад.
H.Altai 7:1
2
Бұл саған түсірілген бір Кітап. Сондықтан көңліңде кірбеңдік болмасын. Бұл арқылы ескертуің, мүміндерге үгіт үшін.
H.Altai 7:2
3
Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!
H.Altai 7:3
4
Қаншалаған кентті жоқ еттік. Сонда оларға азабымыз түнделетіп немесе түскі дем алыста келді.
H.Altai 7:4
5
Оларға азабымыз келген сәтте: «Біз рас залымдар болдық» деп қана айғайлау болды.
H.Altai 7:5
6
Өздеріне елші жіберілгендерді сұраққа тартамыз әрі елшілерді де сұраққа тартамыз.
H.Altai 7:6
7
Әрине оларға біліп баян етеміз. Негізінде оларға жасырын емеспіз.
H.Altai 7:7
8
Ол күнгі таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса, міне солар құтылушылар.
H.Altai 7:8
9
Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендіктері себепті зиян қылды.
H.Altai 7:9
10
Расында сендерді жер жүзіне орналастырып өздеріңе онда күн көрістер жасадық. Нендей аз шүкір етесіңдер.
H.Altai 7:10
11
Расында сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар!» дедік. Барлығы сәжде етті. Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады.
H.Altai 7:11
12
(Алла Ібіліске): «Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?» деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деді.
H.Altai 7:12
13
(Алла): «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың» деді.
H.Altai 7:13
14
(Ібіліс): «Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер» деді.
H.Altai 7:14
15
(Алла): «Щынында мұрса берілгендерденсің» деді.
H.Altai 7:15
16
(Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді.
H.Altai 7:16
17
«Сонан соң оларға алды-артына, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың» деді.
H.Altai 7:17
18
(Алла): «Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Әрине олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын» деді.
H.Altai 7:18
19
(Алла): «Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар»
H.Altai 7:19
20
Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп ғана тыйған» деді.
H.Altai 7:20
21
Және: «Шынында мен екеуіңді үгіттеушілерденмін» деп ант ішті.
H.Altai 7:21
22
Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетті. Екеуі жаннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,- деп дабыстады.
H.Altai 7:22
23
(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді.
H.Altai 7:23
24
(Алла): «(Жаннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер. Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар» деді.
H.Altai 7:24
25
«Ол жерде тіршілік етесіңдер де, ол жерде өлесіңдер. Және ол жерден қайта шығарыласыңдар» деді.
H.Altai 7:25
26
Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер.
H.Altai 7:26
27
Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық.
H.Altai 7:27
28
Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Алла бұйырды» деді. «Шынында Алла арсыздыққа бұйырмайды. Аллаға білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?»,- де.
H.Altai 7:28
29
«Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір құлшылық орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаға арнап отырып, Одан тілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай және Оған қайтасыңдар» де.
H.Altai 7:29
30
(Алла, адам баласының) бір тобын тура жолға салды. Және бір тобы да адасуға тиісті болды. Өйткені олар, Алладан өзге шайтандарды дос тұтты да олар өздерін тура жолдамыз деп есептеді.
H.Altai 7:30