Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Hakka 1 / 52
1
Болуы анық қиямет.
H.Altai 69:1
2
Ол, болуы анық не нәрсе?
H.Altai 69:2
3
Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?
H.Altai 69:3
4
Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды.
H.Altai 69:4
5
Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды.
H.Altai 69:5
6
Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді.
H.Altai 69:6
7
Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің.
H.Altai 69:7
8
Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе?
H.Altai 69:8
9
Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен.
H.Altai 69:9
10
Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған.
H.Altai 69:10
11
Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық.
H.Altai 69:11
12
Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық.
H.Altai 69:12
13
Сонда бір рет Сұр үрілген сәтте,
H.Altai 69:13
14
Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте,
H.Altai 69:14
15
Міне сол күні, қиямет оқиғасы болады.
H.Altai 69:15
16
Сол күні, көк жарылып, босайды.
H.Altai 69:16
17
Періште көктің айналасында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді.
H.Altai 69:17
18
Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды.
H.Altai 69:18
19
Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; “Алыңдар, кітабымды оқыңдар!”,- дейді.
H.Altai 69:19
20
“Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем.”
H.Altai 69:20
21
Сонда ол, қуанышты тіршілікте,
H.Altai 69:21
22
Көтеріңкі жаннатта болады;
H.Altai 69:22
23
Жемістері салбырап тұрады.
H.Altai 69:23
24
(Оларға): “Өткен күнде істеген амалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын” (делінеді.)
H.Altai 69:24
25
Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: “Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді” дейді.
H.Altai 69:25
26
“Есебімнің не екенін білмесем екен!”
H.Altai 69:26
27
“Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)”
H.Altai 69:27
28
“Малым, маған еш пайда бермеді.”
H.Altai 69:28
29
“Күш-қуатым жойылып кетті” (дейді.)
H.Altai 69:29
30
“Оны ұстаңдар да байлаңдар.”
H.Altai 69:30