Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Kalem 1 / 52
1
Нун. Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт.
H.Altai 68:1
2
Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің.
H.Altai 68:2
3
Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар.
H.Altai 68:3
4
Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің.
H.Altai 68:4
5
Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді.
H.Altai 68:5
6
Жындылық қайсыларыңда екен?
H.Altai 68:6
7
Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі.
H.Altai 68:7
8
Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба.
H.Altai 68:8
9
Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді.
H.Altai 68:9
10
Әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба;
H.Altai 68:10
11
Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да,
H.Altai 68:11
12
Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да,
H.Altai 68:12
13
Сотқар, сондай-ақ тексізге де,
H.Altai 68:13
14
Бұлар малды, балалы болса да.
H.Altai 68:14
15
Оған аяттарымыз оқылған сәтте: “Бұрынғылардың ертегісі” деді.
H.Altai 68:15
16
Жуырда оның мұрнына дақ саламыз.
H.Altai 68:16
17
Бұларға бақша иелеріне пәле бергендей пәле бердік. Сол уақытта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті.
H.Altai 68:17
18
“Алла қаласа” демеді.
H.Altai 68:18
19
Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды.
H.Altai 68:19
20
Бақша қара түнектей болды.
H.Altai 68:20
21
Сонда олар, таң сәріден дабыстады:
H.Altai 68:21
22
“Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер” деп.
H.Altai 68:22
23
Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты:
H.Altai 68:23
24
“Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін” деп.
H.Altai 68:24
25
Олар, күші жете тұра таң сәріден оңаша кетті.
H.Altai 68:25
26
Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: “Анық адасқан екенбіз”,- десті.
H.Altai 68:26
27
“Жоқ, біз құр қалған екенбіз” (десті.)
H.Altai 68:27
28
Олардың орта көз қарастағысы: “Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бе?”,- деді.
H.Altai 68:28
29
Олар: “Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан болған екенбіз” десті.
H.Altai 68:29
30
Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты:
H.Altai 68:30