Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Mülk 1 / 30
1
Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.
H.Altai 67:1
2
Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы.
H.Altai 67:2
3
Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба?
H.Altai 67:3
4
Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап, талған түрде айналады.
H.Altai 67:4
5
Расында Біз дүние аспанын шамдар (жұлдыздар) мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік.
H.Altai 67:5
6
Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын.
H.Altai 67:6
7
Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді.
H.Altai 67:7
8
Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: “Сендерге ескертуші келмеді ме?”,- деп сұрайды.
H.Altai 67:8
9
Олар: “Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік” дейді.
H.Altai 67:9
10
“Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік” дейді.
H.Altai 67:10
11
Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын!
H.Altai 67:11
12
Дұрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар.
H.Altai 67:12
13
Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі.
H.Altai 67:13
14
Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші.
H.Altai 67:14
15
Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ.
H.Altai 67:15
16
Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жерге жұттыруынан бейбітсіңдер ме?
H.Altai 67:16
17
Немесе көктегінің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер.
H.Altai 67:17
18
Расында олардан бұрынғылар да жасынға айналдырған еді. Маған қарсы келу қалай екен?
H.Altai 67:18
19
Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші.
H.Altai 67:19
20
Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім? Кәпірлер алдануда ғана.
H.Altai 67:20
21
Алла ризығын тоқтатса, сендерді қоректендіретін кім? Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.
H.Altai 67:21
22
Етпеттеп жүрген біреу турарақ па? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па?
H.Altai 67:22
23
оларға: “Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезуді жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер” де.
H.Altai 67:23
24
Оларға: “Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқан және Сол жаққа жиналасыңдар” де.
H.Altai 67:24
25
Олар: “Егер айтқандарың рас болса, осы уәде қашан?”,- дейді.
H.Altai 67:25
26
оларға: “Шын мәнінде оның мәліметі Аллаға тән. Мен ашық ескертуші ғанамын” де.
H.Altai 67:26
27
Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болғандардың жүздері бұзылып кетеді. Оларға: “Міне осы сендердің тілегендерің” делінеді.
H.Altai 67:27
28
оларға: “Көрдіңдер ме? Егер Алла, мені әрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлерді кім күйзелтуші азаптан құтқарады?”,- де.
H.Altai 67:28
29
Оларға: “Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әрі Оған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер” де.
H.Altai 67:29
30
Оларға: “Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?”,- де.
H.Altai 67:30
Mülk suresi tamamlandı