Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Tahrim 1 / 12
1
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңның ризалығын қалап, Алланың өзіңе халал еткен нәрсесін неге арам етесің? Алла тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.
H.Altai 66:1
2
Расында Алла, анттарыңды шешуді парыз қылды. Алла иелерің. Ол, толық білуші, аса дана.
H.Altai 66:2
3
Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойған сәтте, Алла оны Пайғамбарға білдірді. Бірақ Пайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: “Бұны саған кім білдірді?”,- дегенде, Пайғамбар (Ғ.С.): “Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді” деді.
H.Altai 66:3
4
Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін періштелер де оған болысады.
H.Altai 66:4
5
(Әй Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін.
H.Altai 66:5
6
Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды.
H.Altai 66:6
7
Әй қарсы келгендер! Бүгін сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар.
H.Altai 66:7
8
Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жүреді. Олар: “Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді” дейді.
H.Altai 66:8
9
Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Сондай-ақ оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ нендей жаман орын.
H.Altai 66:9
10
Алла (Т.) кәпірлерге Нұх (Ғ.С.) тың әйелі мен Лұт (Ғ.С.) тың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады. “Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер” делінді.
H.Altai 66:10
11
Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: “Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар” деген еді.
H.Altai 66:11
12
Имран қызы Мәриямді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рухымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді.
H.Altai 66:12
Tahrim suresi tamamlandı