Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Tegabun 1 / 18
1
Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Патшалық Оған тән, мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.
H.Altai 64:1
2
Ол сондай сендерді жаратқан Алла. Сонда кейбіреулерің қарсы келесіңдер де кейбіреулерің иман келтіресіңдер. Алла істеген істеріңді толық көруші.
H.Altai 64:2
3
Көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Ол, сендерді бейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің Сол жақ.
H.Altai 64:3
4
Ол, көктер мен жерде болған нәрселерді біледі. Сондай-ақ жасырғандарыңды да әшкерелегендеріңді де біледі. Әрі көкіректегілерді толық біледі.
H.Altai 64:4
5
Сендерге бұрынғы қарсы болғандардың әңгімесі келмеді ме? Олар істегендерінің жазасын татты. Олар үшін тағы күйзелтуші азап бар.
H.Altai 64:5
6
Бұл, өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: “Бізді адам тура жолға сала ма?”,- деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Алла, оларға мұқтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Алла, мұңсыз, мақтауға лайық.
H.Altai 64:6
7
Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. оларға: “Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаға оңай” де.
H.Altai 64:7
8
Ендеше Аллаға, Елшісіне және Біз түсірген нұрға иман келтіріңдер. Алла (Т.) істегендеріңді толық біледі.
H.Altai 64:8
9
Жиналатын күні; ол күні, сендерді жинайды. Міне сол, кімнің алданғаны ортаға шығатын күн. Кім Аллаға иман келтіріп, ізгі іс істесе; Алла оның жамандығын жояды да оны астарынан өзендер ағатын пейіштерге кіргізеді. Онда олар мәңгі қалады. Осы зор қол жеткендік.
H.Altai 64:9
10
Сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар; міне солар, тозақтық болып, онда мәңгі қалады; нендей жаман орын.
H.Altai 64:10
11
Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші.
H.Altai 64:11
12
Аллаға да бой ұсыныңдар әрі Елшісіне де бағыныңдар. Егер бет бұрсаңдар, Елшімізге насихат ету ғана міндет.
H.Altai 64:12
13
Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.
H.Altai 64:13
14
Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 64:14
15
Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ. Үлкен сыйлық Алланың қасындағы.
H.Altai 64:15
16
Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.
H.Altai 64:16
17
Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер (тиісті орынға мал сарып қылсаңдар), оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ.
H.Altai 64:17
18
Көместі де көрнеуді де білуші. Үстем, хикмет иесі.
H.Altai 64:18
Tegabun suresi tamamlandı