Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Münafikun 1 / 11
1
саған мұнафықтар келген кезде: “Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз” деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді.
H.Altai 63:1
2
Олар анттарын қалқан етеді де Алланың жолынан тыяды. Күмәнсыз олардың істегендері нендей жаман.
H.Altai 63:2
3
Міне расында олар, иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген. Енді олар, түсінбейді.
H.Altai 63:3
4
оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. (Өз қылықтарынан үрейленеді.) Олар дұшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып, бара жатыр?
H.Altai 63:4
5
Егер оларға: “Келіңдер, Алланың Елшісі сендерге жарылқау тілесін” делінсе, олардың бастарын шайқағанын көресің. Олар бет бұрып, тәкаппарланады.
H.Altai 63:5
6
олар үшін жарылқау тілесең де тілемесең де бәрі бір. Оларды Алла жарылқамайды. Алла (Т.) бұзақы елді тура жолға салмайды.
H.Altai 63:6
7
Олар: “Алланың Елшісінің жанындағы кісілерге еш нәрсе бермеңдер, олар тарқап кетсін” дейді. Негізінде көктер мен жердің қазынасы Аллаға тән. Бірақ мұнафықтар ұқпайды.
H.Altai 63:7
8
Ол мұнафықтар: “Егер соғыстан қайтып, Мәдинаға барсақ; ол жерден ардақтылар, ынжықтарды әлбетте шығарады” дейді. Негізінде ғиззат Аллаға, Елшісіне әрі Мұсылмандарға тән. Бірақ мұнафықтар білмейді.
H.Altai 63:8
9
Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар.
H.Altai 63:9
10
Сендерден біреулеріңе өлім келіп: “Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам” деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар.
H.Altai 63:10
11
Қашан біреудің ажалы келсе, Алла, оны әсте кешіктірмейді және Алла, істегендеріңді толық біледі.
H.Altai 63:11
Münafikun suresi tamamlandı