Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Saf 1 / 14
1
Көктер мен жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Ол Алла, тым үстем, аса дана.
H.Altai 61:1
2
Әй мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар.
H.Altai 61:2
3
Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алланың қасында зор ашуға себеп болады.
H.Altai 61:3
4
Күдіксіз Алла (Т.) өзінің жолында мықты қаланған дуалдай сап болып, соғысқандарды жақсы көреді.
H.Altai 61:4
5
Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) еліне: “Мені не үшін ренжітесіңдер? Шын мәнінде сендерге Алланың елшісі екенімді рас білесіңдер” деген еді. Сонда олар, жолдан тайған кезде, Алла олардың жүректерін тайдырған еді. Алла бұзақы елді тура жолға салмайды.
H.Altai 61:5
6
Сол уақытта Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.): “Әй Израил ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін “Ахмед” атты пайғамбарменен сүйіншілеймін” деген еді. Бірақ олар (ол, айтылған) Пайғамбар, оларға ашық дәлелдермен келген кезде: “Бұл ашық жады” деді.
H.Altai 61:6
7
Ислам дініне шақырылғанда, Аллаға қарсы өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла, залым қауымды тура жолға салмайды.
H.Altai 61:7
8
Олар, Алланың нұрын өшіруді қалайды. Кәпірлер жек көрсе де Алла нұрын тамамдайды.
H.Altai 61:8
9
Ол сондай Алла, мүшріктер жек көрсе де дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін Елшісін туралықпен хақ дінмен жіберді.
H.Altai 61:9
10
Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан құтқаратын бір сауда көрсетейін бе?
H.Altai 61:10
11
Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер; малдарыңмен, жандарыңмен Алла жолында күресесіңдер. Егер білетін болсаңдар, осыларың сендер үшін қайырлы.
H.Altai 61:11
12
Күнәларыңды жарылқайды. Сендерге астарынан өзендер ағатын пейіштерге; Ғадын жаннаттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы.
H.Altai 61:12
13
Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Алла жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. мүміндерді қуандыр.
H.Altai 61:13
14
Әй мүміндер! Алланың (дінінің) көмекшілері болыңдар. Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның хауариларға: “Алла жаққа көмекшілерім кім?’,- дегенде, хауарилардың: “Аллаға біз көмекшіміз” дегендеріндей. Сонда Израил ұрпақтарының бір тобы иман келтіріп, бір тобы қарсы шықты. Иман келтіргендерді, дұшпандарына қарсы қолдадық. Сондай-ақ олар, дұшпандарына үстем болды.
H.Altai 61:14
Saf suresi tamamlandı