Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Mücadele 1 / 22
1
Расында Алла, ері жайында Аллаға шағып, сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді. Алла екеуіңнің сөйлескендеріңді де естиді. Шүбәсіз Алла, толық естуші, тым қырағы.
H.Altai 58:1
2
Сондай сендерден жұбайларын зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз олар теріс әрі өтірік сөз сөйлейді. Шынында Алла тым кешірімді, ерекше жарылқаушы.
H.Altai 58:2
3
Сондай жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан сөздерінен қайтса, сонда екеуі қосылудан бұрын бір құл азат етуге тиіс. Міне сендерге осы нұсқау беріледі. Алла не істегендеріңді толық біледі.
H.Altai 58:3
4
Сонда біреу құл таба алмаса, екеуі қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза үстасын. Біреудің оған да шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл Аллаға, Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-ақ осы Алланың шектері, қарсы болушыларға жан түршігерлік азап бар.
H.Altai 58:4
5
Расында Аллаға, Елшісіне қасарысқандар, олар да бұрынғылар қорлағандай қорланады. Әлбетте ашық аяттарды түсірдік. Қарсы болушылар үшін қорлаушы азап бар.
H.Altai 58:5
6
Сол күні, Алла, оларды тұтас тірілтеді де өздеріне не істегендерін түсіндіреді. Алла, оны түгендеп сақтады. Оны өздері ұмытты. Алла, әр нәрсені көріп тұрады.
H.Altai 58:6
7
көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі (Алла), әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.
H.Altai 58:7
8
Сондай сыбырдан тыйылғандардың тыйым салынған нәрселеріне қайта оралғандарын көрмедің бе? Олар күнәда, дұшпандық және Пайғамбарға қарсылықта сыбырласады. Әрі саған келген сәтте, өзіңе Алланың сәлемінен басқа сәлем береді. (Есендік тілемей өлім тілейді.) Сондай-ақ өздерінше: “Алла, бізді айтқан сөзімізбен азапқа душар қылмайды” дейді. Оларға кіретін тозақ жетіп асады. Ол нендей жаман орын.
H.Altai 58:8
9
Әй мүміндер! Егер сыбырлассаңдар; күнә, дұшпандық және Пайғамбар (Ғ.С.) ға қарсылық жайында сыбырласпаңдар. Жақсылық, тақуалықта сыбырласыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар. Өйткені Ол тарапқа жиналасыңдар.
H.Altai 58:9
10
Шын мәнінде құпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін шайтан ісі. Алла қаламайынша ешбір зиян келтірмейді. Сондықтан мүміндер Аллаға тәуекел етсін.
H.Altai 58:10
11
Әй иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: “Орын беріңдер” делінсе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және: “Тарқаңдар” делінсе, дереу тарқаңдар. Алла (Т.) сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі.
H.Altai 58:11
12
Әй иман келтіргендер! Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлескен кезде, оңаша кеңесудің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін хайырлы әрі кіршіксіз болады. Егер оны таппасаңдар, шәксіз Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 58:12
13
Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлесуден бұрын садақа беруден тартындыңдар ма? Оны істемесеңдер де Алла, сендерді кешірім етті. Ал енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ Аллаға, Елшісіне бағыныңдар. Алла (Т.) істегендеріңнен толық хабар алушы.
H.Altai 58:13
14
өздеріне Алла ашуланған қауымды дос тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде олар, сендерден де олардан да емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірікке ант ішеді.
H.Altai 58:14
15
Алла, оларға қатты азап әзірледі. Олардың істегендері нендей жаман.
H.Altai 58:15
16
Олар анттарын қалқан қылып алып, Алланың жолынан тосады. Сондықтан олар үшін қорлаушы азап бар.
H.Altai 58:16
17
Олардың малдары да балалары да Алладан келген нәрсеге еш төтеп бере алмайды. Міне солар, тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.
H.Altai 58:17
18
Қиямет күні Алла, оларды, тұтас тірілтіп жинағанда, сендерге ант ішкендей Оған да ант ішеді. Расында олар оны пайдалы деп ойлайды. Байқаңдар! Шын мәнінде олар, өтірікші.
H.Altai 58:18
19
Оларға шайтан үстем келіп, өздеріне Алланы еске алуды ұмыттырды. Олар шайтанның тобы. Байқандар! Расында шайтанның жамағаты солар; зиян тартушылар.
H.Altai 58:19
20
Сөзсіз, Аллаға, Елшісіне қарсы келгендер, солар; қорлардың қатарында болады.
H.Altai 58:20
21
Алла (Т.): “Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз” деп жазған. Шүбәсіз Алла; тым күшті, аса үстем.
H.Altai 58:21
22
Аллаға, ақырет күніне иман келтірген бір елдің; аталары не балалары яки туыстары немесе ағайындары болса да Аллаға, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Алла иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған. Және оларды астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын пейіштерге кіргізеді. Алла, олардан разы, олар да Алладан разы. Міне бұлар, Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Алланың жамағаты, олар құтылушылар.
H.Altai 58:22
Mücadele suresi tamamlandı