Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Vakıa 1 / 96
1
Қиямет уақиғасы болған кезде,
H.Altai 56:1
2
Оның болуын өтірік деуші болмас.
H.Altai 56:2
3
(Ол) төмендетеді, жоғарлатады.
H.Altai 56:3
4
Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі.
H.Altai 56:4
5
Таулар мүлде үгітіледі.
H.Altai 56:5
6
Ұшқан тозаңдай болады.
H.Altai 56:6
7
Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер;
H.Altai 56:7
8
(Амал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар.
H.Altai 56:8
9
(Амал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар.
H.Altai 56:9
10
Озаттар алдынғы қатарда болады.
H.Altai 56:10
11
Міне солар, Аллаға жақын болғандар.
H.Altai 56:11
12
Жұмақта нығметке бөленеді;
H.Altai 56:12
13
Бұрынғылардан көбірек.
H.Altai 56:13
14
Соңғылардан азырақ.
H.Altai 56:14
15
Безенген тақтар үстінде.
H.Altai 56:15
16
Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады.
H.Altai 56:16
17
Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді;
H.Altai 56:17
18
Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен.
H.Altai 56:18
19
Ол; бас ауыртпайды да, мас қылмайды.
H.Altai 56:19
20
Қалаған жемістері бар.
H.Altai 56:20
21
Көңілдері соққан құс еті бар.
H.Altai 56:21
22
Бота көз хұрлар бар.
H.Altai 56:22
23
Сақтаулы інжу сияқты.
H.Altai 56:23
24
Бұл істеген амалдарының сыйлығы.
H.Altai 56:24
25
Олар жаннатта бос не күнәлі сөз естімейді.
H.Altai 56:25
26
Бірақ “Сәлем, сәлем” деген сөзді ғана естиді.
H.Altai 56:26
27
Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты.
H.Altai 56:27
28
Олар тікенсіз сидыр (ағаштары);
H.Altai 56:28
29
Жемістері үсті-үстіне шоғырланған банан ағаштарының,
H.Altai 56:29
30
Созылған көлеңкенің астында болады.
H.Altai 56:30