5
Күн мен ай есеппен жүреді.
6
Өсімдік, (жұлдыз), ағаш Оған бас иеді.
7
Ол, аспанды биіктетіп, оған тең бір өлшеу қойды.
8
Өлшеуде шектен шықпаңдар.
9
Сондай-ақ тартуды әділетпен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер.
10
Алла, жерді жәндіктер үшін жасады.
11
Жерде жемістер және шоқты құрмалар бар.
12
Онда қабықты ұрық және аңқыған өсімдіктер өседі.
13
Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
14
Ол, адамзатты құмырадай сыңырлаған құрғақ топырақтан жаратты.
15
Жындарды оттың жалынынан жаратты.
16
Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер.
17
Ол, (жазғы-қысқы) екі шығыстың Раббы, әрі екі күн батыстың Раббы.
18
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
19
Ағызған екі теңіз қосылады.
20
Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды.
21
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар?
22
Екі теңізден де інжу-маржан шығады.
23
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
24
Теңізде таулар құсап жүрген кемелер Оған тән.
25
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
26
Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді.
27
Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббың өзі ғана қалады.
28
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
29
Көктердегі әрі жердегі әркім Одан сұрайды, Ол, әр күні шұғылдануда.
30
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?
Sonraki 30 ayet →