Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Kamer 1 / 55
1
Қиямет жақындады, ай жарылды.
H.Altai 54:1
2
Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: “Жалғасты түрдегі бір сиқыр” дейді.
H.Altai 54:2
3
Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар.
H.Altai 54:3
4
Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды.
H.Altai 54:4
5
Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес.
H.Altai 54:5
6
ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады.
H.Altai 54:6
7
Олар, қабірлерінен көздерін сүлмейтіп, таралған шегіртке құсап шығады.
H.Altai 54:7
8
Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: “Бұл ауыр күн” дейді.
H.Altai 54:8
9
Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: “Жынды” деген, әрі жәбірленген еді.
H.Altai 54:9
10
Сонда ол, Раббына: “Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер” деп, жалбарынған.
H.Altai 54:10
11
Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық.
H.Altai 54:11
12
Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды.
H.Altai 54:12
13
Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық.
H.Altai 54:13
14
Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты.
H.Altai 54:14
15
Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма?
H.Altai 54:15
16
Азабым, ескертуім қалай екен?
H.Altai 54:16
17
Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма?
H.Altai 54:17
18
Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен?
H.Altai 54:18
19
Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік.
H.Altai 54:19
20
Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді.
H.Altai 54:20
21
Азабым, ескертуім қалай екен?
H.Altai 54:21
22
Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма?
H.Altai 54:22
23
Сәмүд елі ескертушіні жасынға айналдырды:
H.Altai 54:23
24
“Өзімізден бір адамға ерейік пе? Әрине ол уақытта біз адасуда, әрі есі алаң боламыз” деді.
H.Altai 54:24
25
“Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл” деді.
H.Altai 54:25
26
Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі.
H.Altai 54:26
27
Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет.
H.Altai 54:27
28
Оларға: “Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын” деп түсіндір.
H.Altai 54:28
29
Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді.
H.Altai 54:29
30
Сонда азабым, ескертуім қалай екен?
H.Altai 54:30