Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Tur 1 / 49
1
Тұр тауына,
H.Altai 52:1
2
Жазулы Кітапқа,
H.Altai 52:2
3
Теріге жазулыға,
H.Altai 52:3
4
Толықсыған үйге,
H.Altai 52:4
5
Көтерілген төбеге,
H.Altai 52:5
6
Және ыстық теңізге серт!
H.Altai 52:6
7
Сөзсіз Раббыңның азабы болады.
H.Altai 52:7
8
Оны тойтарушы жоқ.
H.Altai 52:8
9
Ол күні аспан қатты теңселеді.
H.Altai 52:9
10
Таулар ұшып жүреді.
H.Altai 52:10
11
Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш!
H.Altai 52:11
12
Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар.
H.Altai 52:12
13
Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады.
H.Altai 52:13
14
“Міне! Сендер өтірік деген тозақ!”
H.Altai 52:14
15
Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме?
H.Altai 52:15
16
“Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар!
H.Altai 52:16
17
Әрине тақуалар жұмақтарда ырысқа бөленеді.
H.Altai 52:17
18
Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған.
H.Altai 52:18
19
“Істеген амалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын.”
H.Altai 52:19
20
“Тізілген дивандарға сүйенген түрде” (делінеді). Оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз.
H.Altai 52:20
21
Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың амалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына ұсталады.
H.Altai 52:21
22
Оларға пейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз.
H.Altai 52:22
23
Олар пейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды.
H.Altai 52:23
24
Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмет етеді.
H.Altai 52:24
25
Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады:
H.Altai 52:25
26
“Расында біз, бұрын (дүниеде) семьямызда да қорқушы едік” деседі.
H.Altai 52:26
27
“Сондықтан Алла бізге игілік етті де заһарлы азаптан қорғады.”
H.Altai 52:27
28
“Расында біз, бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді” (деседі).
H.Altai 52:28
29
ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да, жынды да емессің.
H.Altai 52:29
30
Немесе олар сені: “Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз” дейді.
H.Altai 52:30