Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Zariyat 1 / 60
1
Соғып ұшырушы желдерге,
H.Altai 51:1
2
Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға,
H.Altai 51:2
3
Жеңіл жүруші кемелерге,
H.Altai 51:3
4
Істі бөлуші періштелерге серт!
H.Altai 51:4
5
Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас.
H.Altai 51:5
6
Әлбетте қиямет болады.
H.Altai 51:6
7
Жолдары бар аспанға серт!
H.Altai 51:7
8
Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер.
H.Altai 51:8
9
Шындықтан бұрылған бұрылады.
H.Altai 51:9
10
Ой жорушылар құрысын.
H.Altai 51:10
11
Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда.
H.Altai 51:11
12
Олар: “Қиямет қашан?” деп сұрайды.
H.Altai 51:12
13
Ол, олардың отқа жағылатын күні.
H.Altai 51:13
14
Оларға: “Азаптарыңды татыңдар! Асығып, тілегендерің осы” (делінеді).
H.Altai 51:14
15
Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады.
H.Altai 51:15
16
Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді.
H.Altai 51:16
17
Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді.
H.Altai 51:17
18
Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді.
H.Altai 51:18
19
Олардың малдарында; сұрағанға да сұрамағанға да тиесі бар.
H.Altai 51:19
20
Жер жүзінде нақ сенушілерге дәлелдер бар;
H.Altai 51:20
21
Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме?
H.Altai 51:21
22
Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте.
H.Altai 51:22
23
Көк пен жердің Раббына серт. Шүбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас.
H.Altai 51:23
24
саған Ыбырайым (Ғ.С.) ның ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме?
H.Altai 51:24
25
Олар Ыбырайым (Ғ.С.) ға кіргенде: “Сәлем” десті. Ыбырайым (Ғ.С.) да оларға: “Сәлем, бөгде қауым” деді.
H.Altai 51:25
26
Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді.
H.Altai 51:26
27
Оны оларға жақындатып: “Жемейсіңдер ме?”,-деді.
H.Altai 51:27
28
Олардан тіксініп, қорықты. Олар: “Қорықпа!”,- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты.
H.Altai 51:28
29
Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: “Баладан қалған бір кемпірмін” деді.
H.Altai 51:29
30
Олар: “Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші” десті.
H.Altai 51:30