Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Kaf 1 / 45
1
Қаф. Биік дәрежелі Құранға серт.
H.Altai 50:1
2
Керісінше кәпірлер өздеріне араларынан бір ескертуші келуін: “Бұл бір ғажайып нәрсе” десті.
H.Altai 50:2
3
(Және былай десті): “Біз өліп топырақ болған кезде (қайта тірілеміз бе)? Бұл қайту ақылдан ұзақ.”
H.Altai 50:3
4
Расында жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымызда әр нәрсені сақтаушы бір Кітап бар.
H.Altai 50:4
5
Әрине олар, ақиқат келген сәтте, жасынға шығарды. Сондықтан олар, бір дағдарыста.
H.Altai 50:5
6
Олар үстеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ.
H.Altai 50:6
7
Жерді төсеп, онда әр түрлі көркем нәрселерді өсірдік.
H.Altai 50:7
8
Әрбір бейім құл үшін; бір белгі және үгіт.
H.Altai 50:8
9
Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік.
H.Altai 50:9
10
Қауашақтары шоғырланған ұзын құрма ағаштарын өсірдік;
H.Altai 50:10
11
Құлдарға қорек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. (Қайта тіріліп,) Шығу да сол тәрізді.
H.Altai 50:11
12
Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) қауымы, Рәс халқы және Сәмүд елі де жасынға айналдырған болатын.
H.Altai 50:12
13
Ғад, Перғауын және Лұттың ағайындары да.
H.Altai 50:13
14
Әйкеліктер және Тұббағ елі, барлығы пайғамбарларды жасынға айналдырған. Сондықтан уәде шынға айналған (азапқа ұшыраған).
H.Altai 50:14
15
Алғашқы жарату Бізді шаршатты ма? Жоқ, олар жаңа жаратылыстан күмәндануда.
H.Altai 50:15
16
Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз.
H.Altai 50:16
17
Оның оңынан да, солынан да екі байқаушы отырады.
H.Altai 50:17
18
Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын.
H.Altai 50:18
19
Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің.
H.Altai 50:19
20
Сұр үріледі. Осы уәделі күн.
H.Altai 50:20
21
Әркіммен айдаушы және куә бірге келеді.
H.Altai 50:21
22
“Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан бүгін көзің өткірлесті” (делінеді).
H.Altai 50:22
23
Жанындағы (періште): “Міне мендегі дайын” дейді.
H.Altai 50:23
24
“Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар” (делінеді).
H.Altai 50:24
25
“Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы және күмәнданушы”,
H.Altai 50:25
26
“Бұлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар!”
H.Altai 50:26
27
Оның сыбайласы (шайтан): “Раббым! Оны, мен аздырмадым. Дегенмен өзі де ұзақ адасуда еді” дейді.
H.Altai 50:27
28
(Алла): “Менің алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын ала уәдені білдірген едім” дейді.
H.Altai 50:28
29
“Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ құлдарыма әділетсіздік істемеймін.”
H.Altai 50:29
30
Ол күні, тозаққа: “Толдың ба?”,-дейміз. Ол: “Тағы да бар ма?”,-дейді.
H.Altai 50:30