Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Maide 1 / 120
1
Әй мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар. Сендерге ыхрамда аңды халал санамау шартымен, сендерге түсіндірілетіндерден басқа хайуандар халал қылынды. Күдіксіз Алла не тілесе оны әмір етеді.
H.Altai 5:1
2
Әй иман келтіргендер! Алланың белгілеріне, (хаж амалдарына,) құрметті айға, құрбандықтарға, мойындарына тағылған белгілерге және Раббыларының ризалығын, ілтипатын іздеп, ардақты үйге (Кағбаға) келуші хажыларға құрметсіздік етпеңдер. Және қашан ыхрамнан шықсаңдар аң аулай аласыңдар. Және сендерді Месжіт Харамнан тосқан елдің кегі, шектен шығуларыңа сылтау болмасын. (Сендерді Кағбадан тыйған болса да, кек сақтамаңдар.) жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты.
H.Altai 5:2
3
Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларың (бал ашуларың) да арам етілді. Бұларың бұзықтық. Бүгін кәпірлер діндеріңнен (тосудан) күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым. Кім аштықтан шарасыз қалса, күнәға ауытқымаса (жеуге болады.) Шәксіз Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 5:3
4
Олар, сенен өздеріне не нәрсенің халал қылынғандығын сұрайды: “Сендерге таза нәрселер (дін бойынша халал нәрселер) халал қылынды” де. Және де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды: Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар, күдіксіз Алла (Т.) есепте өте тез.
H.Altai 5:4
5
Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дердің тамағы (бауыздағандары) халал етілді. Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді. Және мүміндерден абыройлы әйелдермен әрі сендерден бұрын Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дерден де абыройлы әйелдермен мәһерлерін беріп, бой суытушы, астыртын көңілдес болмай үйленулерің халал етілді. Кім иманға қарсы шықса, Сонда оның амалы жойылды және ол, ақыретте де зиян етушілерден болады.
H.Altai 5:5
6
Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. (сипаңдар.) Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар. Егер де жүніп болсаңдар, (бой дәретсіз болсаңдар,) толық тазалаңындар. (Шомылыңдар) Егер науқас не сапар да болсаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге тәяммүм соғыңдар; онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Өйткені, Алла, сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ, сендерді тазартуды сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды.
H.Altai 5:6
7
Алланың сендерге берген нығметін және: “Естідік, бой ұсындық” деп байлаған серттеріңді еске алыңдар! Әрі Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алла көкіректегілерді толық білуші.
H.Altai 5:7
8
Әй мүміндер! Алла үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы.
H.Altai 5:8
9
Алла (Т.) сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау әрі ірі сыйлық уәде етті.
H.Altai 5:9
10
Сондай қарсы келіп, аяттарымызды өтірікке ұйғарғандар, солар тозақтық.
H.Altai 5:10
11
Әй мүміндер! Алла (Т.) ның сендерге берген бағын еске алыңдар: Сол уақытта бір ел (суық) қолын созған еді де, Алла олардың қолын сендерден тосқан еді. Сондықтан Алладан қорқыңдар және мүміндер Аллаға тәуекел етсін.
H.Altai 5:11
12
Расында Алла Израил ұрпақтарынан уәде алған еді. Олардан он екі бастық жіберген едік. Алла (оларға): “Мен сендермен біргемін; егер намазды орындасаңдар, зекет берсеңдер, елшілеріме иман келтіріп, оларға көмек берсеңдер және Аллаға көркем қарыз берсеңдер (Алла жолында мал жұмсасаңдар), әлбетте жамандықтарыңды жойып, сендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз. Ал сонда сендерден біреу қарсы болса, тура жолдан адасқан болады” деді.
H.Altai 5:12
13
Сонда олардың серттерін бұзулары себепті оларға лағынет етіп, жүректерін қатайттық. Олар, (Тәурат) сөздерін орнынан өзгертіп, оларға берілген үгітті ұмытты. Олардың өте азынан басқасының қиянаткерліктерін ұдайы сезіп отырасың. Сонда да оларды кешірім етіп, елеме. Расында Алла (Т.) игілік істеушілерді сүйеді.
H.Altai 5:13
14
Және “Христианбыз” дегендерден де серт алған едік. Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Алла (Т.) оларға не істегендерінің хабарын тез береді.
H.Altai 5:14
15
Әй Кітап иелері! Сендерге кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді.
H.Altai 5:15
16
Алла (Т.) кім өз ризасына үйлессе, сол Кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады.
H.Altai 5:16
17
Расында: “Алланы, Мәриям ұлы Мәсих” дегендер кәпір болды. “Егер Алла, Мәриям ұлы Мәсихты және оның шешесін де, тіпті жер жүзіндегі біртұтас жан иесін жоқ етуді қаласа, Алладан құтқаруға кім ие?”,- де. Көктер мен жердің және екеуінің арасындағылардың иелігі Аллаға тән. Ол қалағанын жаратады әрі Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші.
H.Altai 5:17
18
Яһудилер мен Христиандар: “Біздер Алланың ұлдары және сүйгендеріміз” деді. Оларға айт: “Онда Алла күнәларың себепті сендерді неге азаптайды? Керісінше сендер Алланың жаратқан адамысыңдар.” Алла қалаған кісісін жаратып және қалаған кісісін азаптайды. Көктердің және жердің әрі екі арасындағылардың барлығы Алланың иелігінде және барар жер де Оның алды.
H.Altai 5:18
19
Әй Кітап иелері! Пайғамбардың арасы үзілгенде, сендерге Елшіміз келді. “Бізге қуантушы, қорқытушы келмеді” дерсіңдер деп, міне сендерге қуантушы, қорқытушы Елші елді. Алла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетуші.
H.Altai 5:19
20
Бір заманда Мұса(Ғ.С) өз еліне: “Әй елім! Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар! Өз іштеріңде пайғамбарлар шығарды, әрі сендерді патшалар жасады. Сондай-ақ сендерге әлемде ешкімге берілмеген нығмет берді” деген.
H.Altai 5:20
21
Және: “Әй елім! Алла,сендерге жазған қасиетті жерге (Құдыс, Шамға) кіріңдер. Арттарыңа қайтпаңдар, әйтпесе зиян етушілерге айналасыңдар” деген.
H.Altai 5:21
22
Олар: “Әй Мұса! Ол жерде зорлықшыл ел бар. Олар ол жерден шықпайынша біз ол жерге әсте кірмейміз. Егер олар ол жерден шықса әрине кіреміз” деді.
H.Altai 5:22
23
Қорыққандардан болып, өздерін Алла нығметке бөлеген екі кісі: “Олардың үстіне қақпадан кіріңдер. Сонда қашан одан кірсеңдер, сендер үстем боласыңдар. Егер мүмін болсаңдар Аллаға тәуекел етіңдер” деді.
H.Altai 5:23
24
“Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз. Өзің және Раббың барып соғысыңдар. Әрине біз мұнда отырамыз” деді.
H.Altai 5:24
25
(Мұса Ғ.С): “Раббым! Мен өзіме, туысыма ғана ие бола аламын. Бұзақы елден арамызды ажырата көр!” деді.
H.Altai 5:25
26
(Алла Т.): “Енді оларға, ол жер шынайы түрде қырық жыл арам қылынды. Олар сол жерде абыржып жүреді. Онда бұзақы елге қайғырма” деді.
H.Altai 5:26
27
оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: “Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді. Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен қабылданбаған еді.” (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : “Әлбетте мен сені өлтіремін” деді. Сонда (һабыл): “Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді” деді.
H.Altai 5:27
28
“Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!”
H.Altai 5:28
29
“Сөзсіз мен, сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп, тозақтық болуды қаламаймын. Осы, залымдардың жазасы.”
H.Altai 5:29
30
Сонда оның нәпсісі, туысын өлтіруге қызықтырды да ол, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды.
H.Altai 5:30