Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Hucurat 1 / 18
1
Әй мүміндер! Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Алладан қорқыңдар. Шүбәсыз Алла, аса естуші, толық білуші.
H.Altai 49:1
2
Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір – біріңе дауыстағандай Пайғамбарға дабырлап сөйлеспеңдер. Амалдарың жойылып, аңғармай қаласыңдар.
H.Altai 49:2
3
Шынында Пайғамбардың жанында дауыстарын бәсеңдеткендер, міне солар, Алла жүректерін тақуалық үшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зор сыйлық бар.
H.Altai 49:3
4
расында саған хұжыралардың арт жағынан айқайлағандардың көбі түсінбегендер.
H.Altai 49:4
5
егер сен оларға шыққанға дейін олар сабыр етсе, әрине өздеріне жақсы болар еді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 49:5
6
Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.
H.Altai 49:6
7
Араларыңда Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге бағынса еді, әрине қиыншылыққа ұшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.
H.Altai 49:7
8
Бұл Алладан кеңшілік, және нығмет. Алла толық білуші, хикмет иесі.
H.Altai 49:8
9
Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар; мүбада екі жақтың бірі, екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен Алланың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса, араларын әділдікпен жарастырыңдар, туралық істеңдер. Расында Алла туралық істеушілерді жақсы көреді.
H.Altai 49:9
10
Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер.
H.Altai 49:10
11
Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер; жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей жаман. Ал кім тәубе қылмаса, міне солар залымдар.
H.Altai 49:11
12
Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді.
H.Altai 49:12
13
Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы.
H.Altai 49:13
14
Бәдәуилер: “Иман келтірдік” деді. оларға: “Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: “Мұсылман болдық” деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, амалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді” де.
H.Altai 49:14
15
Шын мәнінде сондай Аллаға, Елшісіне иман келтірген мүміндер, сосын күдіктенбей; Алла жолына малдары әрі жандарымен соғысты. Міне солар, шыншылдар.
H.Altai 49:15
16
оларға: “Аллаға діндеріңді үйретесіңдер ме? Негізінде Алла, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай-ақ Алла әр нәрсені толық білуші” де.
H.Altai 49:16
17
олар саған Мұсылман болғандықтарына бұлданады. Оларға: “Мұсылман болғандарыңа маған міндетсімеңдер. Керісінше, егер шыншыл болсаңдар, сендерді иманға көндіктіргендігі үшін сендерге Алла, міндетсиді” де.
H.Altai 49:17
18
Расында Алла, көктер мен жердегі құпияны біледі. Сондай-ақ істегендеріңді толық көруші.
H.Altai 49:18
Hucurat suresi tamamlandı