Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Muhammed 1 / 38
1
Сондай қарсы болып, Алланың жолынан тосқандардың, Алла амалдарын босқа жібереді.
H.Altai 47:1
2
Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сондай-ақ Мұхаммед (Ғ.С.) ке Раббы тарапынан ол шындықпен түсірілгенге иман келтіргендердің Алла, жамандықтарын жойып, жағдайларын түзелтті.
H.Altai 47:2
3
Бұның себебі: Шынайы қарсы болғандардың бос нәрсеге ілесіп анық иман келтіргендердің Раббыларынан келген ақиқатка ілескендіктері. Осылайша Алла адам баласына өз мысалдарын келтіреді.
H.Altai 47:3
4
Соғыста кәпірлермен кездессеңдер, мойындарына шабыңдар; оларды жаныштағанға дейін. Сонда берік байлаңдар (тұтқынға алыңдар) да, сосын қамқорлық қылып (қоя беріңдер). Немесе бодау алыңдар; Соғыс құралдарын қойғанға дейін (сөйтіңдер). Егер Алла қаласа, олардан өш алар еді. Бірақ біріңді-бірің арқылы сынау үшін. Сондай Алла жолында өлтірілгендер болса, Алла олардың амалдарын әсте зая қылмайды.
H.Altai 47:4
5
Оларды тура жолға салып жағдайларын түзелтеді.
H.Altai 47:5
6
Оларды өздеріне таныстырылған жаннатқа кіргізеді.
H.Altai 47:6
7
Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді.
H.Altai 47:7
8
Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын. Алла олардың амалдарын зая қылды.
H.Altai 47:8
9
Бұның себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Алла олардың амалдарын жойды.
H.Altai 47:9
10
Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңдарының қалай болғаның көрмей ме? Алла оларды талқандаған. Кәпірлер үшін сол тәрізді болады.
H.Altai 47:10
11
Өйткені Алла, иман келтіргендердің иесі. Шынында кәпірлердің иесі жоқ.
H.Altai 47:11
12
Шәксіз Алла иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын жаннатқа кіргізеді. Ал қарсы болғандар, (дүние тіршілігінен аз ғана) пайдаланып, хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны тозақ оты.
H.Altai 47:12
13
сені шығарған кентіңнен тағы күшті қаншалаған кентті жоқ еттіқ. Сонда оларға болысушы болмады.
H.Altai 47:13
14
Ал сонда Раббы тарапынан ашық дәлелде болған біреу, өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестеріне ерген біреумен тең бе?
H.Altai 47:14
15
Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар; (бұлар,) тозақта мәңгі қалып, қайнар су ішкізіліп, ішектері туралған біреумен тең бе?
H.Altai 47:15
16
Олардың ішінен саған құлақ асқандар да жоқ емес. Ақыр қасыңнан шыққан кезде, өздеріне ғылым берілгендерден: “Әзір не айтты?”,- деп сұрайды. Міне бұлар, Алла, жүректерін бітеп қойған, әуестеріне ергендер.
H.Altai 47:16
17
Ал сондай тура жол тапқандар, Алла, олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық береді.
H.Altai 47:17
18
Олар қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін ғана күте ме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары неге жарайды?
H.Altai 47:18
19
енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле! Алла, айналған әрі тұрақтаған жерлеріңді біледі.
H.Altai 47:19
20
Иман келтіргендер: “Бір сүре неге түсірілмейді?”,- дейді. Ішінде соғыс баян етілген, ашық түсінікті бір сүре түсірілген кезде, жүректерінде дерті барлардың, саған; өзін өлім есірігі басқанның қарауынша қарағанын көресің. Оларға өлім артық.
H.Altai 47:20
21
Бой ұсыну және дұрыс сөз керек еді. Іс бекіген сәтте, егер Аллаға опа қылса, әрине олар үшін қайырлы болар еді.
H.Altai 47:21
22
Егер іс басына келетін болсаңдар, (немесе бет бұрсаңдар,) сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу ғана үміт етілмей ме?
H.Altai 47:22
23
Олар, Алла, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқыр қылғандар.
H.Altai 47:23
24
Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма?
H.Altai 47:24
25
Шынында өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардыкін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді.
H.Altai 47:25
26
Өйткені олар, Алланың түсіргенін жек көргендерге: “Сендерге кейбір істе бағынамыз” деді. Алла олардың сырларын біледі.
H.Altai 47:26
27
Періштелер, олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарын алғанда қалай болар еді?!
H.Altai 47:27
28
Бұл шынында олар Алланы ашуландыратын нәрселерге еріп, Оның разылығын жек көргендіктен Алла, олардың амалдарын жойды.
H.Altai 47:28
29
Немесе Жүректерінде дерті болғандар, Алла олардың кектерін әсте ашыққа шығармайды деп ойлады ма?
H.Altai 47:29
30
егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те, оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан танисың. Алла істегендеріңді біледі.
H.Altai 47:30