Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Ahkaf 1 / 35
1
Ха Мим.
H.Altai 46:1
2
Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді.
H.Altai 46:2
3
Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілген нәрседен жалтаруда.
H.Altai 46:3
4
Оларға: “Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бұдан бұрынғы бір кітап яки ғылыми деректер келтіріңдер” де.
H.Altai 46:4
5
Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз.
H.Altai 46:5
6
Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандықтарына қарсы шығады.
H.Altai 46:6
7
Оларға ап-ашық аяттарымыз оқылған кезде, сондай өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: “Мынау ашық бір сиқыр” дейді.
H.Altai 46:7
8
Немесе олар: “Оны өзі жасады” дей ме? “Мүбада өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар. Алла, ол жөнде не көкігендеріңді жақсы біледі. Сондай-ақ Ол, мені мен сендердің арамызға куәлікте жетіп асады. Және Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді” де.
H.Altai 46:8
9
оларға: “Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін. Өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Және ашық бір ескертуші ғанамын” де.
H.Altai 46:9
10
оларға: “Көрдіңдер ме? Егер де Құран Алланың қасынан болып, сендер оған қарсы болсаңдар; сондай-ақ Израил ұрпақтарынан бір куә, осы сияқты (Тәурат) ға куә болып, кейін иман келтірсе де сендер менменсісеңдер, күдіксіз Алла залым елді тура жолға салмайды.”
H.Altai 46:10
11
Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: “Егер (бұл дінде) игілік болса еді, олар бізден озбас еді. (Алдымен біз Мұсылман болар едік)” деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: “Бұл көне бір өтірік” деседі.
H.Altai 46:11
12
Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұса (Ғ.С.) ның кітабы бар еді. Міне осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап.
H.Altai 46:12
13
Күдіксіз сондай: “Раббымыз Алла” деп, сосын тұп-тура кеткендер, оларға; қауіп-қатер жоқ. Әрі олар күйінбейді.
H.Altai 46:13
14
Міне осылар жаннаттық. Амалдарының бодауы түрінде онда мәңгі қалады.
H.Altai 46:14
15
Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: “Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын” деді.
H.Altai 46:15
16
Міне бүлар, Біз жақсы амалдарын қабыл етіп, жамандықтарын кешіретін жаннаттықтардың ішінде болады. Бұл, оларға етілген шынайы уәде.
H.Altai 46:16
17
Ал енді әлде кім, әке-шешесіне: “Түһ! Екеуің де мені қайта тірілтіп, шығумен қорқытасыңдар ма? Расында менен бұрын қаншалаған нәсілдер өтіп кетті. (Олар тірілмеді)” деді. Әке-шешесі Аллаға жалбарынып: “Саған нендей өкініш! Иман келтір. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ” дегенде, ол: “Бұл, бұрынғылардың ғана ертегісі” деді.
H.Altai 46:17
18
Міне осылар, бұрынғы өтіп кеткен, өздеріне делінген сөз бойынша азапқа душар болған жындар мен адамдар тобынан болады.
H.Altai 46:18
19
Әркімнің амалы бойынша дәрежелері бар. Сондай-ақ өздеріне амалдарының бодауы толық беріледі де, оларға әділетсіздік етілмейді.
H.Altai 46:19
20
Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: “Дүние тіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзінде орынсыз менменсіп, бұзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар” (делінеді).
H.Altai 46:20
21
Ғад елінің туысын (Һұд Ғ.С. ды) есіңе ал; сол уақытта Ахқафтағы еліне ескерткен еді. Расында одан бұрын да, кейін де ескертушілер өткен еді. Ол еліне: “Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге (келетін) зор күннің азабынан қорқамын” (деді).
H.Altai 46:21
22
Олар: “Сен, бізді тәңірлерімізден айныту үшін келдің бе? Мүбада шын айтушылардан болсаң, дереу бізге, бопсалаған нәрсеңді келтір” деді.
H.Altai 46:22
23
“Шын мәнінде мәлімет Алланың қасында. Мен сендерге менімен жіберілген нәрсені жалғастырып, отырмын. Дегенмен сендерді надан ел көремін” деді.
H.Altai 46:23
24
Сонда олар, апатты, ойпаттарына қарай жайылып, келе жатқан бұлт түрінде көрген сәтте: “Бұл бізге жаңбыр жаудыратын бұлт” деді. (Һұд Ғ.С.): “Жоқ, ол, сендердің асыға тілегендерің; ішінде жан түршігерлік азабы бар бір боран” (деді).
H.Altai 46:24
25
Раббыңның әмірімен әр нәрсені тас-талқан қылады. Сонда олардың жұрттарынан басқа еш нәрсе көрінбей қалады. Қылмысты елге осылай жаза береміз.
H.Altai 46:25
26
Расында оларға, сендерге берген мүмкіншілікті берген едік. Сондай-ақ оларға есту, көру және ойлау қабілетін берген едік. Бірақ олардың құлақтары, көздері және жүректері ешбір пайда бермеді. Өйткені олар, Алланың аяттарына қарсы келетін еді. Олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті.
H.Altai 46:26
27
Расында маңдарыңдағы кенттерді жоқ еттік. Райдан қайтуларың үшін аяттарды егжей-тегжейлі түсіндірдік.
H.Altai 46:27
28
Сонда Алладан өзге, Оған жақындық үшін жасап алған тәңірлері өздеріне неге болыспады. Керісінше олардан ғайып болып кетті. Осы, олардың өтіріктері және жасандылары.
H.Altai 46:28
29
Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. Олар жетіп келген сәтте: “Үндемеңдер” десті. Сонда оқылуы біткен кезде, елдеріне ескертуші болып қайтты.
H.Altai 46:29
30
Олар: “Әй еліміз! Шын мәнінде біз Мұса (Ғ.С.) дан кейін түсірілген алдынғыны растаушы, сондай-ақ шындыққа және тура жолға салатын бір Кітап тыңдадық” деді.
H.Altai 46:30