Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Casiye 1 / 37
1
Ха Мим.
H.Altai 45:1
2
Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді.
H.Altai 45:2
3
Күдіксіз көктерде де, жерде де белгілер бар.
H.Altai 45:3
4
Сендердің жаратылуларыңда сондай-ақ жәндіктердің өрбіп таралуында нақ сенген ел үшін белгілер бар.
H.Altai 45:4
5
Түн мен күндіздің ауысуында, сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар.
H.Altai 45:5
6
осылар Алланың аяттары. Саған бұларды ақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай сөзге сенеді?
H.Altai 45:6
7
Барлық өтірікші, күнәкар құрысын!
H.Altai 45:7
8
Оларға оқылған Алланың аяттарын тыңдайды да сосын қасарысып, тәкаппарланған бойда естімегендей болады. Енді оны күйзелтуші азаппен қуандыр.
H.Altai 45:8
9
Мүбада ол, аяттарымыздан бір нәрсе білсе, оны келемежге алады. Міне соларға қорлаушы азап бар.
H.Altai 45:9
10
Артынан тозақ дайын. Олардың істері де, Алладан өзге жасап алған достары да ешбір пайда бермейді. Сондай-ақ оларға зор қинау бар.
H.Altai 45:10
11
Бұл Құран бір жетекші. Сондай Раббыларының аяттарына қарсы болғандар үшін күйзелтуші азаптың ең қоры бар.
H.Altai 45:11
12
Ол сондай Алла, теңізді еріктеріңе берді. Оның бұйрығымен теңізде кемелерді жүргізіп, Оның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер. Әрине шүкірлік етерсіңдер.
H.Altai 45:12
13
Және де Ол, өз тарапынан сендер үшін көктердегі әрі жердегі барлық нәрсені іске қосты. Шын мәнінде осыларда түсінген ел үшін белгілер бар.
H.Altai 45:13
14
иман келтіргендерге айт: “Алланың ауыр күнін үміт етпегендерді кешірім етсін. Өйткені Алла, бір елдің қылықтарының жазасын береді.
H.Altai 45:14
15
Әлде кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе, о да өзіне. Сосын Раббыларыңа қайтарыласыңдар.
H.Altai 45:15
16
Расында Израил ұрпақтарына кітап, патшалық, Пайғамбарлық және өздеріне таза ризық беріп сондай-ақ әлемдерге үстем қылған едік.
H.Altai 45:16
17
Және де дін істерінде оларға ашық түсініктер бердік. Дегенмен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілік қылып, мүлде талас-тартысқа түсті. Шын мәнінде Раббың қиямет күні араларындағы қайшылыққа түскен нәрселері турасында үкім береді.
H.Altai 45:17
18
Сосын сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе.
H.Altai 45:18
19
Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы.
H.Altai 45:19
20
Бұл Құран адамдар үшін көрнеу дәлелдер және нақ сенген елге жетекші әрі рахмет.
H.Altai 45:20
21
Немесе жамандықтарды істегендер, өздерін; иман келтіріп, ізгі іс істегендер сияқты қылатындығымызды, тіршіліктерінде, өлімдерінде тең боларын ойлай ма? Олардың берген үкімі нендей жаман.
H.Altai 45:21
22
Негізінде Алла (Т.) көктерді әрі жерді шындық бойынша жаратты. Әркімге қылығының бодауы беріледі. Сондай-ақ олар әділетсіздікке ұшырамайды.
H.Altai 45:22
23
көңлі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырған және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне қалтқы жасаған біреулерді көрдің ме? Енді Алладан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?
H.Altai 45:23
24
Олар: “Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір сүреміз. Бізді заман ғана өлтіреді” дейді. Негізінде олардың бұған байланысты мәліметі жоқ. Олардікі межелеу ғана.
H.Altai 45:24
25
Оларға аяттарымыз ашықша оқылған кезде: “Егер сөздерің шын болса, аталарымызды тірілтіп, келтіріңдер” деулерінен басқа дәлелдері болмады.
H.Altai 45:25
26
“Сендерді Алла тірілтеді сосын өлтіреді. Сосын сендерді болуы шәксіз қиямет күнінде жинайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді” де.
H.Altai 45:26
27
Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қиямет-қайым болған күні, я сол күні; бұзық құмарлар зиянға ұшырайды.
H.Altai 45:27
28
барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әр үммет амал дәптеріне шақырылады да: “Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі.”
H.Altai 45:28
29
“Бұл Кітабымыз сендерге шындықты сөйлейді. Өйткені, сендердің істегендеріңді жаздырушы едік.”
H.Altai 45:29
30
Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік.
H.Altai 45:30