Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Duhan 1 / 59
1
Ха Мим.
H.Altai 44:1
2
Ашық баян етуші Құранға серт.
H.Altai 44:2
3
Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз.
H.Altai 44:3
4
Ол кеште барлық хикметті істер айрылады.
H.Altai 44:4
5
Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз.
H.Altai 44:5
6
Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші.
H.Altai 44:6
7
Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы.
H.Altai 44:7
8
Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы.
H.Altai 44:8
9
Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда.
H.Altai 44:9
10
ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт.
H.Altai 44:10
11
Адамдарды қаптап алады; Бұл жан түршігерлік азап.
H.Altai 44:11
12
Олар: “Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз.”
H.Altai 44:12
13
Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген.
H.Altai 44:13
14
Сосын олар одан бұрылды да: “Үйретілген бір жынды” деді.
H.Altai 44:14
15
Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар.
H.Altai 44:15
16
Өте қатты ұстаумен ұстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз.
H.Altai 44:16
17
Расында бұлардан бұрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген.
H.Altai 44:17
18
“Алланың құлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын” деді.
H.Altai 44:18
19
“Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім.”
H.Altai 44:19
20
“Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым.”
H.Altai 44:20
21
“Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар.”
H.Altai 44:21
22
Сонда (Мұса Ғ.С.): “Бұлар қылмысты ел” деп, Раббына жалбарынды.
H.Altai 44:22
23
(Алла Т.): “Құлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі.”
H.Altai 44:23
24
“(Теңізден өтіп алғаннан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер!
H.Altai 44:24
25
Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды;
H.Altai 44:25
26
Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де.
H.Altai 44:26
27
Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де.
H.Altai 44:27
28
Осылайша оларға басқа бір елді мұрагер қылдық.
H.Altai 44:28
29
Сонда оларға көк те, жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады.
H.Altai 44:29
30
Расында Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық;
H.Altai 44:30