Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Zuhruf 1 / 89
1
Ха Мим.
H.Altai 43:1
2
Ашық Кітапқа серт.
H.Altai 43:2
3
Расында түсінулерің үшін оны Арапша Құран қылдық.
H.Altai 43:3
4
Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы.
H.Altai 43:4
5
Сендер шектен шыққан ел екен деп, үгіт баян етуден айнып кетейік пе?
H.Altai 43:5
6
Бұрынғыларға қаншалаған пайғамбар жібергенбіз.
H.Altai 43:6
7
Олар өздеріне келген пайғамбарды ұдайы мазақ қылды.
H.Altai 43:7
8
Сондықтан олардан күштіректерді типыл қылдық. Бұрынғылардың мысалы өтті.
H.Altai 43:8
9
егер олардан: “Көктер мен жерді кім жаратты?”,- деп сұрасаң, әрине: “Оларды өте үстем, аса білуші Алла жаратты” дейді.
H.Altai 43:9
10
Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да, онда тура жүрулерің үшін жолдар жаратты.
H.Altai 43:10
11
Ол сондай Алла, көктен мөлшермен жаңбыр жаудыруда. Сонда онымен өлі бір жерді құлпырттық. Сол сияқты тірілтіліп, шығарыласыңдар.
H.Altai 43:11
12
Ол сондай Алла, барлық жұптарды жаратты. Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты.
H.Altai 43:12
13
Олардың үстіне мінсеңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: “Бұны бізге бағындырған Алла пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік” дейсіңдер.
H.Altai 43:13
14
“Күдіксіз Раббымызга қайтарыламыз.”
H.Altai 43:14
15
олар Аллаға құлдарының бір бөлімін арнады. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Расында адам баласы ашық нәсүкір.
H.Altai 43:15
16
Немесе Ол, жаратқандарынан қыздарды өзі алып, ұлдарды сендерге арнады ма?
H.Altai 43:16
17
Олардың біреуіне Аллаға арнағанының ұқсасы сүйіншіленсе (қатының қыз тапты делінсе), беттері қарайып, оны ашу кернейді.
H.Altai 43:17
18
Моншақ ішінде тәрбиеленіп, өз дауында баян ете алмайтын біреу ме?
H.Altai 43:18
19
Олар, Алланың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар, олардың жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері жазылып және сұралады.
H.Altai 43:19
20
Тағы олар: “Мейірімді Алла, қаласа еді, біз періштелерге табынбас едік” деді. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Олардікі мүлде межелеу ғана.
H.Altai 43:20
21
Немесе оларға бұдан бұрын бір кітап бердік те соған жабысуда ма?
H.Altai 43:21
22
Керісінше, олар: “Аталарымызды бір жол үстінде таптық. Расында біз де олардың іздеріне түсіп, тура жол табамыз” дейді.
H.Altai 43:22
23
Осылайша сенен бұрын бір мемлекетке пайғамбар жіберген болсақ, олардың беделділері: “Расында біз аталарымызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізіне түсеміз” деді.
H.Altai 43:23
24
(Әр Пайғамбар): “Егер сендер аталарыңды тапқан жолдан турарағын әкелсем де ме?,-деді. Олар: “Расында сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз” деді.
H.Altai 43:24
25
Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді қара, жасынға шығарушылардың соңы қалай болды?
H.Altai 43:25
26
Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) әкесіне әрі еліне: “Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім” деді.
H.Altai 43:26
27
“Бірақ мені жаратқан Алла басқа. Өйткені Ол, мені тура жолға салады…”
H.Altai 43:27
28
Ыбырайым (Ғ.С.) бұл (Алланы бірлеу) сөзін кейінгі ұрпақтарына мұра етіп, қалдырды. Әрине олар осыған қайта оралар.
H.Altai 43:28
29
Сонда да оларды әрі аталарын Құран және ашық баян етуші Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім.
H.Altai 43:29
30
Оларға Құран келген сәтте, олар: “Бұл бір сиқыр. Шынында бұған қарсымыз” деді.
H.Altai 43:30