Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Fussilet 1 / 54
1
Ха Мим.
H.Altai 41:1
2
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тарапынан түскен.
H.Altai 41:2
3
Бұл Кітап, білген ел үшін аяттары ашық-ашық баян етілген арапша Құран.
H.Altai 41:3
4
Қуандырушы, қорқытушы. Алайда олардың көбі жалтарады. Сондықтан олар құлақ салмайды.
H.Altai 41:4
5
олар: “Сен бізді шақырған нәрсеге жүрегімізде бір перде құлақтарымызда бір кереңдік бар. Сондай-ақ біз бен сенің арамызда далда бар. Сондықтан сен өзіңше істе де біз өзімізше істейік” деді.
H.Altai 41:5
6
“Мен де сендер сияқты ғана адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондықтан сол бағытқа жөнеліңдер әрі Одан жарылқау тілеңдер. Аллаға серік қосқандарға нендей өкініш” де.
H.Altai 41:6
7
Сондай зекеттерін өтемегендер солар; өздері ақыретке де қарсы.
H.Altai 41:7
8
Расында иман келтіріп, ізгі іс істегендер, олар үшін таусылмайтын сыйлық бар.
H.Altai 41:8
9
оларға: “Сендер жерді екі күнде жаратқанға қарсы келесіңдер ме? Сондай-ақ Оған теңеулер жасайсыңдар ма? Бұл бүкіл әлемнің Раббы” де.
H.Altai 41:9
10
Жерге үстінен асқар таулар жаратты да құт-береке қойып, жер жүзіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сұраушылар үшін тура жауап.
H.Altai 41:10
11
Сосын көкке жөнелді. Ол, бір түтін еді. Сонда оған әрі жерге: “Екеуіңде ерікті немесе еріксіз түрде келіңдер” деді. Екеуі де: “Бой ұсынған түрде келдік” деді.
H.Altai 41:11
12
Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті жұлдыздармен әшекейледік әрі, қорғауға алдық. Осы тым үстем, олық білуші Алланың тақдыры.
H.Altai 41:12
13
Олар бет бұрса: “Сендерге Ғад, Сәмүд елінің басына келген найзағай сияқты апатты ескертемін” де.
H.Altai 41:13
14
Сол уақытта оларға ілгері кейін елшілер келіп: “Аллаға ғана құлшылық қылыңдар” дегенде, олар: “Егер Раббымыз қаласа, әлбетте періштелер түсірер еді. Расында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз” деді.
H.Altai 41:14
15
Сонда Ғад елі жер жүзінде орынсыз өздерін жоғары санап: “Бізден артық күшті кім бар?”,-деген еді. Олар өздерін жаратқан Алланың олардан көрі күштірек екендігін білмеді ме? Олар, аяттарымызға қарсы келді.
H.Altai 41:15
16
Оларға дүниеде қорлық азабын таттыруымыз үшін өздеріне сәтсіз күндерде суық дауыл жібердік. Әрине ақырет азабы одан да сорлаушы. Оларға көмек етілмейді. 16)
H.Altai 41:16
17
Ал енді Сәмүд еліне келсек, оларға тура жол көрсеттік; бірақ олар туралықтан көрі көзсіздікті жақсы көрді. Сондықтан оларды қылықтарының салдарынан қорлық азабының найзағайы қолға алды.
H.Altai 41:17
18
Сондай иман келтіріп, сақсынғандарды құтқардық.
H.Altai 41:18
19
Сол күні Алланың дұшпандары тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады.
H.Altai 41:19
20
Ақыр олар оған барған кезде; оларға құлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады.
H.Altai 41:20
21
Олар терілеріне: “Не үшін бізге куә болдыңдар?”,- дейді. (Терілері): “Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті; сендерді алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар” деп жауап береді.
H.Altai 41:21
22
Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла, істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер.
H.Altai 41:22
23
Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың, өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар.
H.Altai 41:23
24
Егер олар, енді шыдайтын болса, олардың орны от. Олар, кешірім тілесе де қабыл етілмейді.
H.Altai 41:24
25
Оларға сыбайластар қостық. (Шайтандарды ерікті қылдық). Сонда оларға алды-артындағы нәрселерді әдемі көрсетті. Сондықтан бұлардан бұрын өткен, жын және адам баласынан болған елдерге берілген азап әмірі бұлардың басына да келді. Өйткені олар, зиянға ұшыраушылардан еді.
H.Altai 41:25
26
Және қарсы келушілер: “Бұл Құранды тыңдамаңдар, оқылғанда шуылдаңдар. Бәлкім жеңіске ие боларсыңдар” десті.
H.Altai 41:26
27
Әрине қарсы қелгендерге қатты азап таттырамыз. Сондай-ақ істеген жамандықтарының сазайын береміз.
H.Altai 41:27
28
Міне осы Алланың дұшпандарының сазайы от. Олар үшін онда мәңгілік орын бар. Аяттарымызға қарсы келгендердің жазасы (осы).
H.Altai 41:28
29
Қарсы болғандар: “Раббымыз! Жыннан да, адамдардан да бізді адастырғандарды көрсет! Оларды табандарымыздың астына салайық. Ең төмендегілерден болсын” дейді.
H.Altai 41:29
30
Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді.
H.Altai 41:30