2
Кітаптың түсірілуі, өте үстем, аса білуші Алла тарапынан.
3
Күнәны жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қатты және кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын Сол жақ.
4
Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады. сені, олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын.
5
Олардан бұрында Нұх (Ғ.С.) тың елі әрі одан кейінгі топтар да жасынға шығарған болатын. Әр үммет өз елшілерін қолға алуға бел байлады. Сондай-ақ ақиқатты бос нәрселер арқылы құлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. Жазаландыруым қалай екен?
6
Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзі шындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық.
7
Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді, Оған сенеді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін: “Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!”,- (деп тілейді).
8
“Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннаттарына кіргізе көр. Күдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың…”
9
“Оларды жамандықтардан қорға. Ол күні кімді жамандықтан қорғасаң, сөз жоқ, оны мәрхаметіңе бөлеген боласың. Міне сол, зор қолы жеткендік.”
10
Расында сондай қарсы болғандарға (қиямет күні): “Алланың ашуы, сендердің өз ашуларыңнан зорырақ. Өйткені, сендер иманға шақырылған кезде, қарсы болдыңдар” деп дабысталады.
11
Олар: “Раббымыз! Бізді екі рет тірілтіп екі рет өлтірдің. Енді күнәларымызға мойындадық. Ал енді бізге шығар жол бар ма?”,-дейді.
12
Оларға: “Бір ғана Аллаға шақырылғанда қарсы шықтыңдар да ал Оған ортақ қосылса, сенетін едіңдер. Ал енді үкім өте жоғары, аса ұлы Аллаға тән” (делінеді).
13
Ол сондай Алла, сендерге дәлелдерін көрсетті. Тағы сендерге көктен несібе түсірді. Бірақ бой ұсынған кісі ғана үгіт алады.
14
Егер қарсы болғандар, жек көрсе де дінді өзіне ғана арнап, нағыз Аллаға жалбарыңдар.
15
Ол, дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қаласа, өз бұйрығымен уахи түсіреді.
16
Ол күні; олар, көрнеуге шығарылады. Олардан ешбір нәрсе Аллаға жасырын болмайды. “Бүгін патшалық кімдікі? Тек қана жалғыз, тым өктем Алланікі” (делінеді).
17
Бүгін әркім істегені бойынша жазаланады. Бүгін зұлымдық болмайды. Күдіксіз Алла (Т.) тез есеп көруші.
18
оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та ықбалды болушы да болмайды.
19
Алла көздердің қиянатын және көкіректердегі құпияны біледі.
20
Алла (Т.) туралық бойынша үкім береді. Олардың Алладан өзге жалбарынғандары, еш нәрсеге үкім бере алмайды. Күдіксіз Алла (Т.) толық естуші, тым қырағы.
21
Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғы, тағы күшті әрі жер жүзінде көп деректер қалдырғандардың соңдарының қалай болғанын көрмей ме? Сонда Алла, оларды күнәлары себепті қолға алған. Сондай-ақ оларды Алладан қорғаушы жоқ.
22
Осылар, расында өздеріне ашық белгілермен келген елшілеріне қарсы келулерінің салдарынан; Алла, оларды қолға алды. Өйткені Ол, тым күшті, азабы өте қатты.
23
Расында Мұса (Ғ.С.) ны мұғжизаларымыз әрі ашық дәлелмен жібердік.
24
Перғауын, Һаман және Қарұнға жібердік. Олар: “Өтірікші жадыгер” деді.
25
(Мұса Ғ.С.) оларға жанымыздан шындық келтірген кезде: “Онымен бірге иман келтіргендердің ұлдарын өлтіріңдер, әйелдерін тірі қойыңдар” деді. Бірақ кәпірлердің әдістері мүлде зая болар.
26
Перғауын: “Мені қоя беріңдер, Мұсаны өлтірейін. Ол, Раббына жалбарынсын. Расында мен оның, діндеріңді өзгертуінен немесе жер жүзінде бір бұзақылық шығаруынан қорқамын” деді.
27
Мұса (Ғ.С.): “Мен, есеп күніне сенбеген әр тәкаппардан, менің де Раббым, сендердің де Раббыларыңа сиындым” деді.
28
Перғауын семьясынан иманын жасырған бір мүмін: “Раббым Алла, деген кісіні өлтірмеңдер. Расында ол, сендерге Раббыларыңнан мұғжизалармен келді. Егер өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал егер шыншыл болса, сендерді қорқытқан апаттың кейі бастарыңа келер. Расында Алла, шектен шыққан суайт біреуді тура жолға салмайды” деді.
29
“Әй елім! Бүгін патшалық сендердікі. Бұл жерде өктемсіңдер. Ал егер (Алланың ашуы) бізге келсе, сонда бізді Алланың апатынан кім қорғайды?”,- деді. Перғауын: “Мен сендерге өз көзқарасымды ғана айтамын. Сондай-ақ сендерді тура жолға ғана саламын” деді.
30
Иман келтірген кісі: “Әй елім! Расында мен сендерге (өткен) топтардың күні сияқты күн (келуі) нен қорқамын” деді.
Sonraki 30 ayet →