Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Zümer 1 / 75
1
Бұл Кітаптың түсірілуі, тым үстем, аса дана Алла (Т.) дан.
H.Altai 39:1
2
Расында саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыз арнап, құлшылық қыл.
H.Altai 39:2
3
Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: “Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз” (дейді). Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла (Т.) үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды.
H.Altai 39:3
4
Егер Алла бала иемденуді қаласа еді, жаратқанынан тілегенін таңдар еді. Ол одан пәк. Ол Алла жалғыз, өте үстем.
H.Altai 39:4
5
Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп түрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы.
H.Altai 39:5
6
Алла (Т.) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне осы Раббыларың Алла (Т.), Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып барасыңдар?
H.Altai 39:6
7
Егер қарсы келсеңдер, сонда Алла сендерден мұңсыз. Құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады. Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді. Сосын қайтар жерлері Раббылары жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді. Өйткені, Алла көкіректегілерді толық біледі.
H.Altai 39:7
8
Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейім ынта байқатады. Сосын қашан Алла оған бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да, жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. оларға: “Қарсылығыңмен біраз мәз бола тұр. Сөз жоқ сен тозақтықсың” де.
H.Altai 39:8
9
(Ал осылар,) бой ұсынып, түн ішінде сәжде етіп, тіке тұрып, сондай-ақ ақыреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі сияқты ма? оларға: “Білгендер мен білмегендер тең бола ма?”,- де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт ала алады.
H.Altai 39:9
10
“Әй иман келтірген құлдарым! Раббыларыңнан қорқыңдар! Бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Алланың жері кең. Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады” деп айт.
H.Altai 39:10
11
“Шәксіз мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйырылдым.” де.
H.Altai 39:11
12
“Сондай-ақ бой ұсынушылардың алды болуға бұйырылдым”.
H.Altai 39:12
13
“Шынында мен Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын” де.
H.Altai 39:13
14
“Дінімді нағыз Аллаға арнап құлшылық қыламын” де.
H.Altai 39:14
15
“Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандық” де.
H.Altai 39:15
16
Олардың үстерінде де оттан түнектер; астарынан да түнектер болады. Міне Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй құлдарым! Менен қорқыңдар.
H.Altai 39:16
17
Сондай бұттан, оларға табынудан аулақ болғандар, сондай-ақ Аллаға ынтамен бой ұсынғандар, олар үшін қуаныш бар. Сонда құлдарымды сүйіншіле.
H.Altai 39:17
18
Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар, ақыл иесі.
H.Altai 39:18
19
өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба?
H.Altai 39:19
20
Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлар бар. Бұл Алланың уәдесі, Алла (Т.) уәдесінен таймайды.
H.Altai 39:20
21
Көрмейсің бе? Алла көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Сосын қуқыл тартып, оның сарғайғанын көресің. Сосын оны қоқымға айналдырады. Бұнда ақыл иелеріне үгіт бар.
H.Altai 39:21
22
Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда.
H.Altai 39:22
23
Алла (Т.); аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың түктері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жұмсайды. Бұл (Құран) Алланың тура жолы. Онымен кімді қаласа, тура жолға салады. Алла әлде кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші болмайды.
H.Altai 39:23
24
Қиямет күні, жүзін жаман азаптан қоруға тырысқан кісі қандай?… Залымдарға: “Істегендеріңнің жазасын татыңдар” делінеді.
H.Altai 39:24
25
Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған. Сонда оларға күтпеген жерден апат келген.
H.Altai 39:25
26
Егер олар білген болса, Алла оларға дүние тіршілігінің қорлығын тарттырған. Әрине ақырет азабы тағы зор.
H.Altai 39:26
27
Расында Біз бұл Құранды адам баласына әр түрлі мысалды, олар үгіт алу үшін келтірдік.
H.Altai 39:27
28
Бұл мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине олар сақсынар.
H.Altai 39:28
29
Алла бір мысал берді: Өзара шығыса алмаған ортақтардың меншігіндегі біреумен бір адамның меншігіндегі біреу; мысалда, екеуі тең бе? Барлық мақтау Аллаға лайық. Бірақ олардың көбі түсінбейді.
H.Altai 39:29
30
шынында сен де өлесің. Олар да өледі.
H.Altai 39:30