Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Sad 1 / 88
1
Сад. Үгіт толы Құранға серт.
H.Altai 38:1
2
Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда.
H.Altai 38:2
3
Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді.
H.Altai 38:3
4
Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: “Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт” деді.
H.Altai 38:4
5
“Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бұл тым таңғажайып нәрсе.”
H.Altai 38:5
6
Олардың бастықтары келіп: “Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе.”
H.Altai 38:6
7
“Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол.”
H.Altai 38:7
8
“Арамыздан осыған ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті). Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ.
H.Altai 38:8
9
немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңның мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма?
H.Altai 38:9
10
Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікі ме? Ендеше, ыңғайын тауып, көтеріліп көрсін.
H.Altai 38:10
11
(Олар) мұнда соққы жеген рулардан бір қол.
H.Altai 38:11
12
Олардан бұрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Перғауын да жасынға шығарған еді.
H.Altai 38:12
13
Сондай-ақ Сәмүд, Лұт және Әйке халқы да. Міне осы топтар:
H.Altai 38:13
14
Барлығы да елшілерді жасынға шығарғандықтарынан, азап лайық болды.
H.Altai 38:14
15
Ал енді бұлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді.
H.Altai 38:15
16
Олар: “Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет” десті.
H.Altai 38:16
17
олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы.
H.Altai 38:17
18
Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді.
H.Altai 38:18
19
Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптеуші еді.
H.Altai 38:19
20
Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік.
H.Altai 38:20
21
Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді.
H.Altai 38:21
22
Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: “Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал” деді.
H.Altai 38:22
23
“Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, “Оны маған тапсыр” деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді.”
H.Altai 38:23
24
Дәуіт (Ғ.С.): “Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай” деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды.
H.Altai 38:24
25
Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындығы, көркем келешегі бар.
H.Altai 38:25
26
Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына ақиқатпен үкім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар.
H.Altai 38:26
27
Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жаратпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш!
H.Altai 38:27
28
Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба?
H.Altai 38:28
29
саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын.
H.Altai 38:29
30
Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты.
H.Altai 38:30