Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Saffat 1 / 182
1
Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт,
H.Altai 37:1
2
Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт,
H.Altai 37:2
3
Үгіт оқушы (періштелерге) серт.
H.Altai 37:3
4
Тәңірлерің біреу.
H.Altai 37:4
5
Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы.
H.Altai 37:5
6
Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік.
H.Altai 37:6
7
Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық.
H.Altai 37:7
8
Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады.
H.Altai 37:8
9
Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар.
H.Altai 37:9
10
Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды.
H.Altai 37:10
11
Енді олардан сұра: “Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық.
H.Altai 37:11
12
Әрине (бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды.
H.Altai 37:12
13
Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді.
H.Altai 37:13
14
Бір мұғжиза көрсе, олар тәлкек қылады.
H.Altai 37:14
15
“Бұл мүлде ашық жады” деседі.
H.Altai 37:15
16
“Біз өліп топырақ және сүйектер болған кезде, рас тірілтілеміз бе?”
H.Altai 37:16
17
“Әуелгі аталарымыз да ма?”,- дер.
H.Altai 37:17
18
“Әрине сендер қор боп тірілесіңдер” де.
H.Altai 37:18
19
Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады.
H.Altai 37:19
20
“Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!”,- деседі.
H.Altai 37:20
21
“Бұл сендер жасынға шығарған билік күні!”
H.Altai 37:21
22
“Жинаңдар! Ол залымдарды да, сыбайластарын да олардың табынғандарын да.”
H.Altai 37:22
23
“Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;”
H.Altai 37:23
24
“Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады” (делінеді).
H.Altai 37:24
25
Оларға: “Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?”,- (делінеді).
H.Altai 37:25
26
Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар.
H.Altai 37:26
27
Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады.
H.Altai 37:27
28
(Олар бастықтарына): “Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер” дейді.
H.Altai 37:28
29
Олар: “Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер” дейді.
H.Altai 37:29
30
“Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер.”
H.Altai 37:30