Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Yasin 1 / 83
1
Иа Син.
H.Altai 36:1
2
Терең сырлы Құранға серт.
H.Altai 36:2
3
Шәксіз сен анық елшілерденсің.
H.Altai 36:3
4
Тура жолдасың.
H.Altai 36:4
5
Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы).
H.Altai 36:5
6
Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін.
H.Altai 36:6
7
Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді.
H.Altai 36:7
8
Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол, иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған.
H.Altai 36:8
9
Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді.
H.Altai 36:9
10
Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді.
H.Altai 36:10
11
Шын мәнінде сен, үгітке еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және құрметті сыйлықпен қуант!
H.Altai 36:11
12
Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық.
H.Altai 36:12
13
оларға, елшілер келген кент халқын мысал көрсет.
H.Altai 36:13
14
Оларға екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: “Рас сендерге елшіміз” деді.
H.Altai 36:14
15
(Кент халқы): “Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар” деді.
H.Altai 36:15
16
(Елшілер): “Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз.”
H.Altai 36:16
17
“Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет” деді.
H.Altai 36:17
18
Олар: “Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер” деді.
H.Altai 36:18
19
(Елшілер): “Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (Өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер” деді.
H.Altai 36:19
20
Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: “Әй қаумым! Елшілерге ілесіңдер” деді.
H.Altai 36:20
21
“Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда.”
H.Altai 36:21
22
“Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар.”
H.Altai 36:22
23
“Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мүбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені құтқара алмайды.”
H.Altai 36:23
24
“Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын.”
H.Altai 36:24
25
“Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақ салыңдар.”
H.Altai 36:25
26
“Жаннатқа кір” делінді де ол: “Әттең! Елім білген болса еді;”
H.Altai 36:26
27
“Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін” деді.
H.Altai 36:27
28
Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз.
H.Altai 36:28
29
Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды.
H.Altai 36:29
30
Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарға нендей өкініш!
H.Altai 36:30