Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Sebe 1 / 54
1
Көктер мен жерде болған нәрселер; өзіне тән болған Аллаға, барлық мақтау лайық. Әрі ақыреттегі мақтау да Оған лайық. Ол, хикмет иесі, толық хабар алушы.
H.Altai 34:1
2
Ол, жерге кіргенді, одан шықанды әрі көкге шыққанды, одан түскенді біледі. Ол, тым мейірімді, аса жарылқаушы.
H.Altai 34:2
3
Қарсы болғандар: “Бізге қиямет келмейді” деді. “Олай емес, көместі білетін Раббыма ант етемін! Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктердегі, жердегі тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе Одан тасаланбайды. Сондай-ақ одан үлкені де, кішкенесі де белгілі бір Кітапта жазулы” де.
H.Altai 34:3
4
(Ол күні) иман келтіріп, ізгі іс істегендерге сыйлық берілуі тшін. Міне солар үшін; жарылқау, көркем несібе бар.
H.Altai 34:4
5
Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар.
H.Altai 34:5
6
Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Алланың жолына салатындығына көздері жетеді.
H.Altai 34:6
7
Сондай қарсы болғандар, (өзара): “Қашан сендер бөлшектеліп, тозаңға айналғаннан кейін, шын жаңадан жаратылатындарыңнан сендерге хабар беретін адамды көрсетейік пе?”,- деседі.
H.Altai 34:7
8
“Ол, Аллаға байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның жындылығы бар ма?” Жоқ олай емес. Ақыретке сенбегендер, азапта және ұзақ адасуда.
H.Altai 34:8
9
Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен кесектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар.
H.Altai 34:9
10
Расында Дәуіт (Ғ.С.) ке өз жанымыздан ізгілік бердік: “Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар” (дедік). Және оған темірді жұмсаттық.
H.Altai 34:10
11
“Кең сауыттар жаса, оны тоқығанда мөлшерле. Оң істеңдер. Әрине не істегендеріңді толық көрушімін.”
H.Altai 34:11
12
Сүлеймен (Ғ.С.) ге де ерте кетуі бір айлық, кешке қайтуы бір айлық (жол алатын) желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық. Я, Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды да бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан таттырамыз.
H.Altai 34:12
13
Олар, Сүлеймен (Ғ.С.) нің қалауынша, құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді. “Ей Дәуіт (Ғ.С.) тің үй-іші! Шүкірлік етіңдер!” Құлдарымнан шүкір етуші аз.
H.Altai 34:13
14
Біз оның (Сүлеймен Ғ.С. нің) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін; оның таяғын жеген бір жердің кұрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылган сәтте, жындарға аян болды. Егер жындар, көместі білген болса еді, олар, ауыр машақатта қалмас еді.
H.Altai 34:14
15
Расында Сәбә елдерінің қоныстарында бір ғибрат бар. Оңнан, солдан екі бақша (бар еді. Оларға): “Раббыларыңның несібесін жеңдер де Оған шүкір етіңдер. Бір көркем қала, Раббыларың да аса жарылқаушы” (делінді).
H.Altai 34:15
16
Олар бас тартты. Сондықтан оларға күшті сел жібердік те, ол бақшаларын ащы мәуелі, жыңғылды бір азғантай жеміс ағашы бар; екі бақшаға айналдырдық.
H.Altai 34:16
17
Өстіп оларды нәсүкірліктері себепті жазаландырдық. Қарсы келгендерді ғана жазаландырамыз.
H.Altai 34:17
18
Оларменен сондай біз берекет берген кенттер арасында көрініп тұрған ауылдар бар. Онда кезілетін жер белгіледік: Ол жерде күндіз-түні аман-есен кезіңдер.”
H.Altai 34:18
19
Сонда олар: “Раббымыз! Сапарларымыздың араларын ұзақтастыр!”,- деп, өздеріне кесірлері тиді. Сонда оларды аңызға айналдырып, быт-шыт қылып, мүлде тозғындыққа ұшыраттық. Сөз жоқ, бұнда әр сабыр етуші, шүкір етушілерге үлгі бар.
H.Altai 34:19
20
Расында оларға деген Ібілістің ойы шынға шығып, бір-ақ топ мүміндерден басқасы саған ілесті.
H.Altai 34:20
21
Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақыретке сенген кісімен, одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы.
H.Altai 34:21
22
оларға: “Алладан өзге, көктерде де, жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуінде де бір ортақтығы жоқ. Сондай-ақ Аллаға олардың ешбіреуі көмекші де емес. Тәңір деп ойлағандарыңды шақырыңдар” де.
H.Altai 34:22
23
Алланың қасында, рұқсат берілген біреуден басқаның шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, өзара: “Раббың не айтты?”,- десе: “Хақты айтты” деседі. Ол Алла, аса жоғары, тым үлкен.
H.Altai 34:23
24
олардан: “Сендерге көктерден және жерден кім несібе береді?”,- деп сұра да: “Алла” де. Негізінде біз немесе сендер әлбетте тура жолда не ашық адасудамыз.
H.Altai 34:24
25
Оларға: “Біздің кесірімізден сендер сұралмайсыңдар да, сендердің істегендеріңнен біз сұралмаймыз” де.
H.Altai 34:25
26
Оларға: “Раббымыз арамызды қосып, сосын арамызға шындықпен үкім етеді. Ол, қара қылды қақ жарған, аса білгіш” де.
H.Altai 34:26
27
“Оған ортақтар етіп, қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Әсте мүмкін емес. Әрине Ол Алла, өте үстем, аса дана” де.
H.Altai 34:27
28
Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.
H.Altai 34:28
29
Олар: “Егер шыншыл болсаңдар, осы құқайлаған уәделерің қашан?”,-дейді.
H.Altai 34:29
30
“Сендерге уәде етілген бір күн бар. Одан бір сәтке кейін қалмайсыңдар да, ілгері кете алмайсыңдар” де.
H.Altai 34:30