Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Ahzab 1 / 73
1
Әй нәби! Аллаға тақуалық істе де кәпірлермен мұнафықтарға бағынба. Рас Алла тым білуші, аса дана.
H.Altai 33:1
2
Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине Алла не істегендеріңді толық білуші.
H.Altai 33:2
3
Аллаға тәуекел ет. Ол, уәкілдікте жеткілікті.
H.Altai 33:3
4
Алла (Т.) ешбір адамның кеудесінде екі жүрек жасаған емес. (Анамның арқасындайсың деп,) серт қылған жұбайларың, аналарың болмайды. Және асырандыларың; бел балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздерің ғана. Алла шындықты айтады да Ол тура жол көрсетеді.
H.Altai 33:4
5
Оларды әкелерімен шақырыңдар. Сол Алланың қасында турарақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар; дінде туыстарың, достарың. Ол жөнде қателессеңдер, сендерге кінә емес. Бірақ әтейге жүректеріңнен болса (болмайды), Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді.
H.Altai 33:5
6
Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық. Оның жұбайлары олардың аналары. Алланың Кітабында; туысқандар бір-біріне мүміндерден де, мұһажірлерден де (мираста) жақын. Бірақ достарыңа (мүміндерге) қамқорлық жасауларыңа болады. Осылар Кітапта жазылған болатын.
H.Altai 33:6
7
сол уақытта, пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) лардан, солардан берік уәде алған едік.
H.Altai 33:7
8
Алла шыншылдардың шындығынан сұрау үшін еді. Кәпірлерге қинаушы азап әзірледі.
H.Altai 33:8
9
Әй мүміндер! Алланың сендерге болған нығметін еске алыңдар. Сендерге ләшкерлер келген еді. Сонда оларға боран және сендер көрмеген ләшкерлер жіберген едік. Алла не істегендеріңді толық көруші.
H.Altai 33:9
10
Сол уақытта олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да, төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді.
H.Altai 33:10
11
Міне сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді.
H.Altai 33:11
12
Сол уақытта Мұнафықтармен жүректерінде дерті болғандар: “Бізге Алла да, Елшісі де алдап қана уәде берген екен” деді.
H.Altai 33:12
13
Сол уақытта олардан бір бөлімі: “Әй Мединеліктер! Енді сендерге тұруға болмайды. Дереу қайтыңдар” десе, олардың тағы бір бөлімі, Пайғамбардан: “Үйлеріміз иен еді” деп, рұқсат сұрайды. Негізінде олар (үйлері) иен емес, олар қашуды ғана ойлайды.
H.Altai 33:13
14
Егер оларға әр тараптан кіріліп, сосын өздерінен пітіне талап етілсе, әрине кешіктірмей-ақ белсене кірісер еді.
H.Altai 33:14
15
Негізінде бұрыннан қайта қашпауға Аллаға уәде берген. Аллаға берген уәдесіне жауапкер.
H.Altai 33:15
16
оларға: “Егер өлімнен немесе өлтіруден қашсаңдар, сендерге еш пайда бермейді. Қашқан уақытта да аз-ақ пайдаланасыңдар” де.
H.Altai 33:16
17
“Егер Алла сендерге бір жамандық қаласа немесе жақсылық қаласа, сендерді Алладан қорғайтын кім?”,- де. Негізінде олар, өздеріне Алладан өзге бір дос не бір көмекші таба алмайды.
H.Altai 33:17
18
Әрине Алла, сендерден (соғысқа шығуға) кедергі болғандарды да туыстарына: “Бізге келіңдер” деушілерді де біледі. Олардың өте азы ғана соғысқа қатынасады.
H.Altai 33:18
19
Сендерге (келсе де) тым сараң. Ал қашан бір қауіп төнсе, олардың саған, өздерін өлім есірігі басып бара жатқандай көздері төңкеріліп қарағанын көресің. Сонда қауіп-қатер кетсе, қылған қайырларына іштері ашып, сендерге өткір тілдерін тигізеді. Міне осылар иман келтірмегендер. Сондықтан Алла, олардың амалдарын жойды. Бұл Аллаға оңай.
H.Altai 33:19
20
Олар руларды (жауларды) кетпеді деп ойлады. Егер ол рулар келсе, өздері сахарадағы бәдәуилердің ішінде болып, сендердің хабарларыңды сұрап тұруды көксейді. Егер олар іштеріңде болса да өте аз соғысады.
H.Altai 33:20
21
Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар.
H.Altai 33:21
22
Мүміндер жау топтарын көрген сәтте: “Міне бізге Алланың да, Елшісінің де уәде еткен нәрсесі. Алла да, Елшісі де рас айтқан” десті. Сондай-ақ олардың сенімдерін, бой ұсынуларын одан ары арттыра түсті.
H.Altai 33:22
23
Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады.
H.Altai 33:23
24
Алла шыншылдарды шыншылдықтарыменен сыйлар. Ал мұнафықтарды қаласа, азаптайды да немесе оларға тәубе нәсіп етеді. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, тым мейірімді.
H.Altai 33:24
25
Алла ол кәпірлерді долданған бойларынша қайтарады. Олар игілікке жете алмады. Алла соғыста Мүміндерге жетіп асады. Алла аса күшті, тым үстем.
H.Altai 33:25
26
Алла (Т.) кітап иелерінен жауға болысқандарды бекіністерінен түсірді. Сондай-ақ олардың жүректеріне үрей салды. Бір бөлімін өлтіріп, бір бөлімін тұтқынға алып жаттыңдар.
H.Altai 33:26
27
Олардың жерлеріне, үйлеріне, малдарына және сендер аяқ баспаған жерге сендерді мұрагер қылды. Әр нәрсеге Алланың толық күші жетеді.
H.Altai 33:27
28
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа: “Дүние тіршілігін оның сәнін көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп, көркем түрде ажыратайын” де.
H.Altai 33:28
29
“Егер Алланы, Елшісін және ақырет жұртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды.”
H.Altai 33:29
30
Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір ұятсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. Бұл Аллаға оңай.
H.Altai 33:30