Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Secde 1 / 30
1
Әлиф Ләм Мим.
H.Altai 32:1
2
Бұл Кітап, әлемдердің Раббы тарапынан түсірілген. Мұнда шәк жоқ.
H.Altai 32:2
3
Олар: “Оны өзі жасады” дей ме? Олай емес, сенен бұрын ескертуші жіберілмеген елге ескертуің үшін ол, Раббыңнан бір шындық. Әрине олар, тура жол табар.
H.Altai 32:3
4
Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны меңгерді. Сондықтан сендердің Одан өзге ешбір иелерің де шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар ма?
H.Altai 32:4
5
Ол, көктен жерге дейін істі игереді. Сосын сендердің санауларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде Оған көтеріледі.
H.Altai 32:5
6
Ол көместі де көрнеуді де білуші. Өте үстем, тым мейірімді.
H.Altai 32:6
7
Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркемдестірді. Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды.
H.Altai 32:7
8
Сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты.
H.Altai 32:8
9
Сосын оны бейнелеп, ішіне өз рухын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту, көру және түсіну қабілетін берді. Аз шүкір етесіңдер.
H.Altai 32:9
10
Олар: “Қашан топыраққа араласып, жоғалсақ, шын-ақ жаңа жаратыламыз ба?”,-дейді. Әрине олар, Раббыларына қауышуға қарсы келгендер.
H.Altai 32:10
11
“Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар” де.
H.Altai 32:11
12
Күнәкарлардың, Раббыларының жанында бастарын иіп: “Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дүниеге) қайтар, түзу іс қылайық. Рас нандық” дегендерін бір көрсең!
H.Altai 32:12
13
Егер қаласақ еді, әркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менен: “Тозақты бүтіндей жындар, адамдармен толтырамын” деген сөз болған.
H.Altai 32:13
14
“Бүгінге кездесуді ұмытудың демін татыңдар. Рас біз де сендерді ұмыттық. Істегендеріңнің салдарынан мәңгі азапты татыңдар”
H.Altai 32:14
15
Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді.
H.Altai 32:15
16
Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.
H.Altai 32:16
17
Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерше көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді.
H.Altai 32:17
18
Мүмін болган кісі, бұзық болған кісі сияқты бола ма? Әрине тең болмайды.
H.Altai 32:18
19
Өйткені иман келтіріп, ізгі іс істегендер; олардың істеген амалдарына жарай қонақ үй түрінде жаннаттар да орын бар.
H.Altai 32:19
20
Ал енді бұзақылардың орны тозақ. Әрқашан олар одан шығуды қаласа, оған қайтарылады да: “Өздерің жасынға шығарған оттың азабын татыңдар” делінеді.
H.Altai 32:20
21
Әрине оларға зор азаптан бері дүниенің азабын татырамыз. Мүмкін олар райдан қайтар.
H.Altai 32:21
22
Раббыңның аяттары арқылы үгіт берілгеннен кейін олардан бет бұрғаннан кім залымырақ? Әрине күнәкарлардың лайықты жазасын береміз.
H.Altai 32:22
23
әрине Мұса (Ғ.С.) ға Кітап берген едік. Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе… Оны Израил ұрпақтарына тура жол қылдық.
H.Altai 32:23
24
Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызға нақ сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік.
H.Altai 32:24
25
Әрине Раббың қиямет күні, олар қайшылыққа түскен нәрселер жайында араларына шешім жасайды.
H.Altai 32:25
26
Бұлардан бұрын, қаншалаған нәсілдерді жоқ еттік. Бұлардың, олардың жұрттарында жүріп жүргендігі бұларға жол көрсетпей ме? Расында мұнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма?
H.Altai 32:26
27
Олар көрмей ме? Рас суды, шөл жерге апарамыз да ол арқылы малдары әрі өздері жейтін өнім шығарамыз. Олар сонда да көрмей ме?
H.Altai 32:27
28
Олар: “Егер шыншыл болсаңдар, бұл шешім қашан болады?”,- дейді.
H.Altai 32:28
29
“Шешім күні, кәпірлерге имандары пайда бермейді әрі оларға мұрса да берілмейді” де.
H.Altai 32:29
30
Енді олардан бет бұр да күт! Расында олар да тосуда.
H.Altai 32:30
Secde suresi tamamlandı