Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Lokman 1 / 34
1
Әлиф Ләм Мим.
H.Altai 31:1
2
Міне бұл, хикметті Кітаптың аяттары.
H.Altai 31:2
3
Тура жол; мәрхамет, жақсылық істеушілер үшін.
H.Altai 31:3
4
Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ақыретке толық нанады.
H.Altai 31:4
5
Міне солар, Раббылары тарапынан тура жолда, сондай-ақ олар құтылушылар.
H.Altai 31:5
6
Адамдардың түк білмесе де Алланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар үшін қорлаушы азап бар.
H.Altai 31:6
7
Оған аяттарымыз оқылған сәтте, оны естімегендей тіпті құлақтарында тығын бардай паңсып теріс айналады. Оны күйзелтуші азаппен қуандыр.
H.Altai 31:7
8
Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендер, олар үшін нығметі түгемейтін бақшалар бар.
H.Altai 31:8
9
Онда олар мәңгі қалады. Алланың уәдесі хақ. Ол, өте үстем, хикмет иесі.
H.Altai 31:9
10
Сендер, тіреусіз көрген көкті жаратты да сендерді теңселтеді деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл жандықты өргізді де көктен жаңбыр жаудырып, онда әр түрлі көркем парымен өсімдіктерді өсірдік.
H.Altai 31:10
11
Бұл Алланың жаратқаны. Ал Алладан өзгенің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші! Әрине залымдар ашық адасуда.
H.Altai 31:11
12
Рас Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді. Ал кім нәсүкірлік етсе, сонда да Алла мұңсыз, мақтауға лайық.
H.Altai 31:12
13
Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: “Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық” деді.
H.Altai 31:13
14
Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ.
H.Altai 31:14
15
Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол да Маған құштар адамдардың жолына түс. Сосын барар орындарың Мен жақ; сонда істеген істеріңді баян етемін.
H.Altai 31:15
16
(Лұқман): “Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла өте мүлайым, толық білуші.”
H.Altai 31:16
17
“Әй ұлым! Намазды толық орында. Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас бұлар маңызды істерден.”
H.Altai 31:17
18
“Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді.”
H.Altai 31:18
19
“Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы.”
H.Altai 31:19
20
Көрдіңдер ме? Рас Алла (Т.) сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой ұсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтасырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нұрландырушы кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады.
H.Altai 31:20
21
Қашан оларға: “Алланың түсірген нәрсесіне ілесіңдер” делінсе, олар: “Жоқ, аталарымызды тапқан нәрсеге ілесеміз” дейді. Егер шайтан оларды жалындаған азапқа шақырса да ма?
H.Altai 31:21
22
Кім өзін Аллаға тапсырып, игілік істесе, сонда ол; расында берік тұтқаны ұстаған болады. Бүкіл істердің соңы Аллаға тән.
H.Altai 31:22
23
кім қарсы келсе, сонда оның қарсылығы сені кейітпесін. Олардың қайтар жері Біз. Сонда оларға не істегендерін баян етеміз. Расында Алла, көкіректегілерді толық біледі.
H.Altai 31:23
24
Оларды аз пайдаландырып, сосын ауыр азапқа зорлаймыз.
H.Altai 31:24
25
Егер олардан: “Көктер мен жерді жаратқан кім?”,-деп сұрасаң, әлбетте: “Алла” дейді. “Барлық мақтау Аллаға тән” де. Әрине олардың көбі түсінбейді.
H.Altai 31:25
26
Көктер мен жерде болған нәрселер Алланікі. Рас Алла бай, мақтауға лайық.
H.Altai 31:26
27
Рас егер жер жүзіндегі ағаш атаулы қалам, теңіз (сия болып), одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп, (жазса да) Алланың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі.
H.Altai 31:27
28
Сендердің жаратылуларың да тірілтілулерің де бір-ақ кісідей ғана. Расында Алла, аса естуші, тым көруші.
H.Altai 31:28
29
Көрмедің бе? Расында Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырды. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас Алла, олардың істегендерін толық білуші.
H.Altai 31:29
30
Міне шәксіз Алла Ол, хақ. Сөз жоқ, олардың Алладан өзге жалбарынғандары босқа. Күдіксіз Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы.
H.Altai 31:30